Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанның оңтүстігін қуатты циклон басып қалды, қаза тапқандар бар

Үндістанның оңтүстігін қуатты циклон басып қалды, қаза тапқандар бар

«Мурасу» күшті циклоны Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатына соғып, бірнеше елді мекенді су басып, жолдарға зақым келтірді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Үндістанның оңтүстігін қуатты циклон басып қалды, қаза тапқандар бар
Фото: pexels.com
Дүлей дауыл 3 қараша, сейсенбі күні жағалауға жетті. Өңірлік табиғи апаттардың салдарын жою басқармасының мәліметінше, циклон салдарынан кемінде екі адам қаза тапқан.
Толассыз жауған жаңбыр штаттың бірнеше ауданында су тасқынына әкелді. Кейбір ауылдарды су басып, автомобиль жолдары бүлінді.
4 қараша, сәрсенбі күні штаттың бас министрі Чандрабабу Найду зардап шеккен аумақтарды әуеден шолып шықты. Оның айтуынша, бірқатар елді мекен әлі де су астында қалып отыр.
Сол күні Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Найдумен телефон арқылы сөйлесті. Штат басшысы түрлі салаларға айтарлықтай залал келгенін айтып, орталық үкіметтен көмек сұрады.
Бұған дейін Үндістанның оңтүстік жағалауына «Арнаб» циклоны соғып, кемінде бес адамның өмірін қиған еді.
Сондай-ақ Боливия билігі су тасқыны қаупіне байланысты төтенше жағдай жариялады.
05 қараша 2026 ж. 35 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30