Әлемдік мұнай бағасы төртінші күн қатарынан төмен түсті
Фото: istockphoto.comWTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы таңертеңгі жағдай бойынша барреліне 86,88 долларды құрады. Бұл – 1,24 долларға немесе 1,41%-ға төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Oilprice.com мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,89 долларға немесе 0,94%-ға арзандап, барреліне 93,73 долларға дейін түсті.
Ал Ресейдің Urals маркалы мұнайының құны 1,13 долларға немесе 1,24%-ға өсіп, барреліне 92,16 долларды құрады.
Мұнай бағамдарының төмендеуіне АҚШ-тағы аралық сайлаудың аяқталуы және Таяу Шығыстағы қақтығыстың тоқтауы мүмкін деген болжамдар әсер етті. NBC News болжамынша, Демократиялық партия АҚШ Конгресінің қос палатасында да – Өкілдер палатасы мен Сенатта басымдыққа ие болады.
Сондай-ақ Қытай Иран және Сауд Арабиясымен Ормуз бұғазын ашу мәселесін талқылап жатқаны хабарланды. Тараптар халықаралық энергетикалық ресурстар жеткізілімін қамтамасыз ету және жаһандық қауіпсіздікті сақтау үшін Таяу Шығыстағы тұрақтылықтың маңызды екенін атап өтті.
Бұған дейін, 2 қарашада, 25 қазаннан бері Ормуз бұғазында белгіленген шектеулерді бұзған 11 танкердің өртенгені хабарланған болатын. Кейбір кемелер кейіннен суға батып кеткен.












