Түнеп жүрміз. Қызылордалықтардың көмір кезегінде тұрғанына үш күн болды

Бақытжан ӨТЖАНОВ, ауыл тұрғыны:
- Камазда жатқанымызға қазір үш күн болды. Қазір келеді дейді, ол жетеді ме жетпейді ме тағы қалып кетеміз бе? Мына жерден артқа қарай шығып кете алмаймыз.
- Келіп тұрған көмірді компания алып кетіп жатыр, рельстің арғы бетіне төгіп. Компанияның басқа жерден алса да құдіреті жетеді ғой. Қарапайым халық құр босқа шығынданып, екі-үш күн осында қонып жатыр.
- Жүк тасымалы Қызылорда бөлімшесімен біз күнделікті көмірдің жеткізілуіне маниторинг жүргізіп отырмыз. Осы аптаның соңына дейін, яғни айдың соңына дейін 146 вагон Атқамінерлер айтқан 150-ге тарта вагон көмірдің алғашқы 10-ы Қызылордаға бүгін келді. Ол шамамен 600 тоннандай. Көп кешікпей қалған вагондар да келуі тиіс. Сөздеріне сенсек, Сыр өңірінде енді бұдан былай көмір тапшылығы болмауы керек.