Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Желі тудырған жаңа жанр

Желі тудырған жаңа жанр

Әлемнің алтыбұрышында сандық өркениеттің қыр-сыры ақтарылып, келешектің келбетін онлайн желі жүйесіне бейімдеуде. Осы себепті интернет кеңістігінде жаңа мамандықтар дүниеге келіп, смартфонға тікелей тәуелді жұмыс жасайтын сала түрлері дамуда. Мобилография сол сарындағы фотожанрдың соңғы жаңалықтарының бірі.

Бұл кәсіпті арнайы оқып, ілімнің ізіне түсу керек деп айтуға келмес. Сізге керегі сау адамның он үшінші мүшесіне айналған қолдан түспейтін телефон құрылғысы мен сананы құс жолына жетелейтін ұшқыр қиял ғана. Сұранысқа ие болуына әлеуметтік желіде сапалы контент жасауға тырысатын жарнама берушілердің қысқаметражды бейнероликтері үлкен себеп.
Жанр ретінде осы ғасырдың басында қалыптаса бастады. Мобилографияға қызығушылардың санының артуы сандық камерамен жабдықталған технологиялардың нарыққа келуімен байланысты.
Ресейлік суретші Дмитрий Резван мобилография терминінің авторы болып табылады. «Әлемнің мобилограммасын құру және мобилографияны тарату» міндетін жүктеген Дүниежүзілік мобилографтар қоғамы 2004 жылдан бастап жұмыс істейді.
Бұл жанрдағы аудиторияның күрт өсуіне инстаграм әлеуметтік желісі зор ықпал етті. Пайдаланушылардың жылдам ақпарат алмасуы және мұндағы контент жасаудағы әралуан көзқарастың көптігі алпауыт брендтер мен бизнеске жаңа қадам басқан кәсіпкерлердің мобилографияға жүгінуіне әсер етеді. Бұл жанр уақыт үнемдеудің таптырмас түріне баланған желіге сурет пен видео жүктеп, оқырман ойынан шығатын дүние жасауға тырысқан фотографтарға, смм-мамандарына бір нүктеден ақпарат таратуға мүмкіндік берді. Ол үшін керегі бейнені бұлдыратпай суретке түсіретін телефон.
Қазақстанда да бұл кәсіппен айналысып, негізгі табыс көзіне айналдырып үлгерген қолданушылар көп. Соның бір айқын дәлелі «Kyran.films»-тің негізін қалаушы, режиссер Қыран Талапбек. Мобилографиядан курс өткізіп, өзінің білген-түйгенін, түрлі лайфхактар көрсетіп жүрген Қыранның шәкірттерін инстаәлемнен байқауға болады.
Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, аудан көлемінде осы жанрда қозғалысқа түскен жастар тобы біріккен. Соңғы уақытта белсенді жұмыс жасай бастаған жастарды жергілікті желі қолданушылары танып үлгерген де болар. Аудан көлемінде бірнеше тапсырыс алып, көрермен үшін қолдан келгенін жасап жүрген жігіттердің бірін сөзге тарттық.
– Мобилография соңғы уақытта көп сұранысқа ие. Қазір барлық желі қолданушылары газет пен радиодан гөрі әлеуметтік желі мен аудиоподкаст, видеоподкасттарға ауысты. Теледидарды ютуб ауыстырды. Осыған қарай көрерменмен жұмыс, тауар өндірушілердің жарнама беру формалары да өзгеріске ұшырауда.
Бұл белгілі бір деңгейде Қазалыға да өз әсерін тигізеді. Себебі біздің аудан облыстағы кіші кәсіпкерліктің қарқынды дамып келе жатқан аймағы деуге келеді. Мұнда да кәсіпкерлер арасында өзара бәсеке тұтынушының талғамынан шығуға бағытталады. Көрген адамның көңілін аулап, менмұндалап шақырып тұратын жарнама кім-кімге де керек-ақ. Біз осы тұста жаңадан ашылған әртүрлі нысандарды жарнамалау бағытында жұмыс істеудеміз. Негізгі көзделген аудитория инстаграм қолданушылары екені белгілі, – дейді Бақытжан Марсов.
Мобилографияға деген сұраныс келешекте көбей түсері белгілі. Заман ағымынан қалмай, ғаламтордағы осындай жағымды жаңалықтарды аудан аудиториясына сіңіріп жатқан жерлестерімізге тек сәттілік тілейміз.
А.ҚАЛДЫБАЙ
06 қазан 2020 ж. 1 145 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930