Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік желі әлемі

Әлеуметтік желі әлемі

Қазіргі қоғам жоғары технологияның қарыштап дамыған кезеңі. Интернет бүкіл әлемді және адамдардың тіршілік ету саласын қамтып үлгерді. Интернет-дүкендер үйден шықпай-ақ сауда жасауға мүмкіндік берсе, онлайн көрсетілімдер телебағдарламаларды, жаңалықтарды көруге таптырмас мүмкіндік сыйлады. Ақпарат алмасу, жұмыс іздеу, адамадар арасындағы қарым-қатынас, демалыс бүгінде виртуалды әлемге өтті.

Әлеуметтік желілердің негізгі функциясы – адамдар арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, тіпті олар бір-бірінен алыс болғанның өзінде хабар үзілмейтін халге жеткізді. Әрбір адам желі арқылы достарымен және әріптестерімен оңай сөйлесе алады. Кейде ұмыт болған таныстарын қайта тауып, ал бірде желі арқылы әр түкпірден жаңа достармен ара-қатынас орнатуға мүмкіндік алды. Бүгінгі таңда жас жігіттер мен қыздардың виртуалды әлем ішінде сөз байласуы нәтижесінде жаңа отау пайда болатын жағдай жиі кездеседі. Фотосурет қарап, бейнефильм көру, музыка тыңдау мұның бәрін желінің бағанынан кездестіресіз. Осының әсерінен әлеуметтік желілер қазіргі жастардың өмірінде үлкен рөл атқарады деген қорытынды жасауға болады.

Әдетке айналған әлеуметтік желідегі өмір белгілі бір адамның қоғам назарында жүруді қалауынан екендігі анық. Оған бой үйреткендер интернетке тәуелділікті жеңе алмайды. Бұл оның өзіне, айналасындағылар үшін де зиянды. Тәуелділіктің барлық түрлері қанағаттану сезімін іздеумен сипатталады. Соның кесірінен интернетте осы сезімге қол жеткізуге кететін уақыт артады. Желісіз отыра алмайтындай жағдайда қалу мұндай тәуелді тұлғаларды ақыр соңында рухани дағдарысқа әкелері анық.

Балалар мен отбасы мүшелерінің интернетке қатысты жанжал шаңырақтың ішкі бірлігін ыдырататын басты фактор. Әлем тез өзгереді және оны елемеу мүмкін емес. Бір кездері адамдарды жастар қатты ұнатқан кітаптар қорқытты. Заман ағысымен кітапханалардың орнын кинотеатр басып, жастар жағы фильм қаһармандарына еліктеді. Апта сайын тұсаукесер күтетін жас буынның келесі айналысатын ермегі компьютерлік ойынға ойысты.

Қазіргі таңда бес жасар баладан алпыстың асуын алған үлкендерді меңдеген жаһандық қызығушылық желіге ауысты. Жасанды интеллекттің қызметін қолдану арқылы оңай дүниеге қол созатын ұрпақ тәрбиеленуде. Өз кезегінде бұндай құштарлықтың орын алмасулары ата-ана мен баланың арасында түсінбеушілік туғызып, қақтығыстар туындайды.
Адамдарға бір-бірімен тұрақты қарым-қатынас жеткіліксіз. Жаңа көзқарастағы таныспен ақпарат алмасу серпін беріп, әсері мықты қызыққа ұласады.

Жеке веб-бет форматында өзінің кіші әлемін құру мүмкіндігі интроверттердің санын арттырады. Жайлылық сыйлайтын өз әлемінде өмір сүру олар үшін өте тиімді. Құралдардың барынша минимумын пайдаланып, тиімді қарым-қатынас орнатуды дағдыға айналдыру виртуалды тәуелділіктен сақтайды.
Нақты ақпарат алмасуға ғана желіні пайдаланып, мониторсыз өмір сүру қалпын таңдау қазіргі адамның күресуі тиіс бірінші бас ауруы болып тұр.

Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
19 желтоқсан 2019 ж. 2 712 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930