Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құлтемір құрылғыларын қызықтады

Құлтемір құрылғыларын қызықтады

Еліміздің қазіргі таңдағы маңызды стратегиялық бағыттарының бірі – білікті мамандары қажет ететін индустрияны дамыту. Бұл стратегияны жүзеге асырудың ­бастамасы ретінде білікті маман дайындау мақсатында білім жетілдіру орталықтары – информатика, физика, математика пәні мұғалімдерін осы салаға бейімдеп, робототехниканың қыр-сырын терең оқытып, ұстаз білімін заман талабына сай шыңдаумен айналысып келеді. Тіпті бүгінде бұл ғылымды дамытуды балабақшадан бастап кеткен.

Қазіргі таңда әлемде робототехника ғылымы кеңінен таралып, қолданыс тауып жүр. Қазақстан дамыған елдер қатарынан көріну мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытына бетбұрыс жасап келеді. Міне, бүгінде осы робот өмірімізге араласып, кез келген салада жұмыс атқарып жатыр. Бүгінге дейін біз роботты болашақ деп топшылап келдік. Бұның өмірімізге араласқанына көп болғанымен, бізге өз қолымызбен жасау мүмкін ­еместей көрінетін. Дегенмен мамандар осы ғылымды қолға алып көпшілікке тереңірек түсіндіруді жолға қойды. Сонымен қатар өскелең ұрпақты робототехникаға баулып келеді.
Өткен аптада Қазалы ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес «Сауал» қоғамдық бірлестігінің және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан ­жастары арасында робототехника бағыты бойынша фестиваль өтті. Мақсаты – оқушылардың инновация мен жоғары технология саласына деген қызығушылығын арттыру, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту. Сондай-ақ оқушылардың инженерлік-техникалық есептерді іс жүзінде білу және техникамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, техникалық модельдеуді насихаттау. Және олардың робот моделін құрау, оларды бағдарламалау бағытындағы үздік жобаларын анықтау, оқушылар мен педагогтардың шығармашылық жетістіктерін, олардың тәжірибе алмасауына жағдай жасау, әдістемелік қолдау көрсету.
Шара барысында болашақ ІТ саласының білгірлері, жас техниктер құрастырған өз роботтарын моторлармен жұмыс істеуін және оларды бағдарлау бойынша жұмыстарын таныстырып өтті. Фестиваль қорытындысы бойынша үздік деп танылып бірінші орынды №249 мектеп-лицей оқушылары қанжығасына байлады. №165 мектептің алғырлары екінші орынды қанағат тұтты. Ал №216 мектеп үшінші орынға табан тіреді. Барлығына жүлделі орын ­табысталды. Жеңімпаз атанған оқушылар арнайы дипломмен марапатталып, бағалы сыйлық иеленді. Шара соңында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Асылхан Дәрібаев: «Бүгін робототехникамен айналысатын жастар арасында үлкен сайыс болды. Жас болса да олардың алғырлығы мен ойлау қабілетінің ерекшелігі жұртшылыққа көптеген нәрсені үйретерліктей. Ендігі осы айдың соңында роботтар арқылы қазақтың ұлттық ойындары «Асық ату», «Арқан тарту», «Қыз қуу» сайыстарын өткізбекпіз. Егер қызығушылық танытатын жастар болатын болса, есігіміз ашық. Ал сайысқа демеушілік жасаған «Сауал» қоғамдық бірлестігіне ұжым атынан үлкен алғыс білдіремін», – деді.
Жас буынмен қатар қарыштап дамыған елдің робототехника саласы нәтижесінде адам өмірін жеңілдетуге арналған роботтарды күнделікті өмірде қолданылатын күн алыс емес.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
06 қазан 2020 ж. 953 0

Тағдыр тудырған туынды

11 мамыр 2025 ж. 28

Тілегіміз – бейбіт күн

10 мамыр 2025 ж. 61

Ардагерлер ардақталды

10 мамыр 2025 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031