Қазақстанда "Күзгі әскерге шақыру" науқаны басталады
Апта басында өткен аппараттық кеңесте қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев министрліктегі кадрлық өзгерістер туралы хабарлап, Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының бастығы болып тағайындалған полковник Әділ Бековты таныстырды, - деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған дейін Аумақтық қорғаныс департаменті бастығының міндетін атқарған полковник Ризат Қолпашев және РХБ қорғаныс және экологиялық қауіпсіздік департаменті бастығының лауазымын атқарған подполковник Ержан Құлмағамбетов осы қызметтерге бекітілді.
Кеңес барысында ҚР Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы тапсырмаларын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері қаралды.
"Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу аясында барлық тәртіп бұзушылардың тікелей басшылары әскери атақтары мен бұрынғы еңбектеріне қарамастан жауапқа тартылады. Халықтың әскерге деген сенімі мен елді қорғауға деген риясыз қабілетіне нұқсан келтірмеу үшін Қарулы Күштер қатары құқық бұзушылықтардан таза болуы керек", - деді Нұрлан Ермекбаев.
Қазіргі таңда Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша статистиканың өсуі байқалады. Бұл осы саладағы қылмыстың өсуіне ғана байланысты емес, сондай-ақ, анықтау процесіне байланысты көзқарастың өзгеруіне қатысты болып отыр. Ағымдағы жылдың ақпан айында қол қойылған меморандум негізінде уәкілетті органмен ақпарат алмасу жүзеге асырылады. Жаңа тәсілдерді қолдана отырып, алдын алу шараларын қабылдап, осы бағыттағы талдамалық жұмысты күшейтуге баса назар аударылады.
Күн тәртібіндегі басты тармақтардың бірі Қарулы Күштердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мәселесі болды. Карантиндік шаралардың қатаң сақталуының арқасында жеке құрамның коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларының қысқаруына қол жеткізілді.
Күн тәртібінің басты тармақтарының бірі Қарулы Күштердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мәселесі болды. Карантиндік шаралардың қатаң сақталуының арқасында жеке құрамның коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларының қысқаруына қол жеткізілді.
Аппараттық кеңес барысында әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігінің жай-күйі туралы жедел ақпарат берді.
Сондай-ақ Қарулы күштерде қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.