Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?

Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?

Елдегі ахуал қарқыны бұрынғыдай емес. Індет әлде қайда іркілген іспетті. Әлі күнге дейін айналшықтап жүрген вирус ептеп басылғандай. Бірақ бұл коронавирус түбегейлі тежелді дегенге келмейді. Алайда қуантарлығы, сол кеше ғана дәріхана аралап, кезекте тұрғандар легі азайды. Дәрі-дәрмек тапшылығы да бір жақты етілді. Әрине аудандағы дәріханаларда дәрілердің барлығы толықтай бар деп айта алмаймыз. Десек те қажетті дәрінің бірі болмаса екіншісінің табылатыны анық. Ауру аяқ-асты қайта өршісе қорда халыққа қажетті дәрілер табыла ма?
Өткенде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі дәрі-дәрмек қорының жеткілікті екенін айтқан болатын.
– Дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесіне нүкте қойғым келеді. Әлеуметтік желілерде дәріханаларда дәрі жетіспейді деген хабарлар таралып жатыр. Тұрғындар әсіресе температураны түсіретін препараттарды көп мөлшерде сатып алуда. Бұл ретте елде аталған препараттардың жеткілікті түрде өндірілетінін айта кетейін. Өңірлер бойынша жеткізу де жолға қойылған, – деді министр.
Мұнан бөлек облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты онлайн брифинг өткізді. Сонда аймақ басшысы бүгінгі күні өзекті болып тұрған дәрі-дәрмектің тапшылығы, оның бағасының тұрақтылығы жөнінде пікірін білдірді. Облыс басшысы барлығы басты назарға алынып, қатаң қадағалау жүргізіліп жатқанын айтты.
– Аймақта 3 айға жеткілікті дәрілер 1 аптада өтіп кетіп, қажетті ем алушыларға жетіспеушілік туындады. Дәріханалармен емдік заттарды күнделікті қажеттілікке және халықтың сұранысына қарай тапсырыс берілуде. Ал облыстық медициналық стационарларға СК “Фармация” тарапынан 45 күнге жетерлік дәрі-дәрмек қоры жасақталған.
Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, қала, аудан әкімдіктері және «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы жанынан құрылған арнайы мониторингтік топтар дәрі-дәрмек бағасы мен көлеміне қатаң бақылау жұмыстарын жүргізетін болады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында 7 452 дәрілік заттың атауы тіркелген. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 6191 дәрілік заттың атауына шекті бөлшек сауда бағалары белгіленді, – деді ол.
Дәрілердің бағасы өз алдына олардың тапшылығы көңілге кірбің ұялатпауы тиіс. Себебі жаны ауырған халық баға емес ең алдымен дәрінің бар-жоғына назар аударатын секілді. Олай дейтініміз, уақытында пандемия салдарынан зардап шеккен халық дәрі іздеп, кезекте тұрып «бағасы маңызды емес, тек тауып берсең болды» дегендерін көзімізбен көрдік.
Аудандағы дәрі-дәрмектің қоры туралы білмекке аудандық кәсіпкерлік бөліміне хабарласқан болатынбыз. Қолымызға тигені жергілікті дәріханалардың тізімі мен ондағы дәрілердің атауы және бағасы ғана. Өз ісіне жауапты кәсіпкерлік бөлімінің мамандары күн сайын дәріханаларға хабарласып, тізімдегі дәрілердің бар не жоқ екеніне көз жеткізеді екен. Сұрастыра келе дәрі-дәрмек тапшылығын уақытылы бақылап отыратын жауапты аудандық тұтынушылардың құқын қорғау басқармасы екенін білдік. Алайда қажетті ақпараттарды анықтау үшін қоңырау шалғанымызбен тілдесе алмадық. Соның салдарынан аудандағы дәрілердің қаншалықты тапшы екенін біле алмай отырмыз. Сөйтіп қордағы дәрі-дәрмектің жеткілікті немесе жеткіліксіз екенін дөп басып айта алмаймыз.
Түптеп келгенде елдегі ахуалға қатысты халық қамы үшін дәрі-дәрмектің жеткілікті болғаны басты назарда болуы тиіс. Өйткені тұрғындар жер-жерді кезіп, дәріні сырттан алдырмас үшін өз дәріханаларымызда болғаны артық етпейді. Осыған қатысты біздегі тілек, кешегідей қысылтаяң сәтте басы ауырып, балтыры сыздаған жұрт қажеттісін дер кезінде тауып, аурудың асқынуына жол бермесе екен.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
08 тамыз 2020 ж. 1 033 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930