Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрі-дәрмек қолжетімді болады

Дәрі-дәрмек қолжетімді болады

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда дәрімен қамтамасыз ету жеңілдеді.

Министрліктің хабарлауынша, препараттарды жоспарлау және сатып алу үшін барлық негізгі рәсімдер жеңілдетілді: дәрі-дәрмекті сертификаттау мерзімі қысқартылды және процедуралар 1 айдан 3 күнге дейін жеңілдетілді, бір жолғы әкелуге рұқсат бір тәулік ішінде берілетін болды. Ал COVID-19 емдеуге арналған жаңа препараттарды тіркеу процедурасы 6 айдан 2 айға дейін қысқарды.
Сонымен бірге, Ресей мен Үндістанға жасалған 6 әуе рейсі арқылы дәріханалардың бөлшек сауда желісі 4 миллион қаптама дәрімен қамтылды. Олардың қатарында-вирусқа қарсы және ыстықты төмендететін препараттар, антикоагулянттар мен антибиотиктер және басқа да қажетті заттар бар.
Дәрі-дәрмектер өңірлердегі дәріханаларға біркелкі бөлінеді. Дәрі-дәрмек қажеттілігін өтеу үшін мұндай шаралар үнемі ұйымдастырылатын болады. Барлық өңірлерде дәрі-дәрмекпен қамту үшін арнайы тұрақтандыру қорлары құрылды.
Оның ішінде, Алматы қаласы – 5 млрд теңге, Нұр-Сұлтан – 1,2 млрд теңге, Шымкент – 180 млн теңге, Ақтөбе облысы – 500 млн теңге, Шығыс Қазақстан облысында 250 млн теңге қор бар.
27 шілде 2020 ж. 523 0

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 76

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 78

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 71

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 72

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031