Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маска бағасын арзандатуға тырысамыз – Людмила Бюрабекова

Маска бағасын арзандатуға тырысамыз – Людмила Бюрабекова

Алдағы уақытта медициналық масқа бағасы 60 теңгеге дейін арзандауы мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шындығында ақпанда маска бағасы 15 теңге еді. Ол кезде індет өршіп тұрған болатын. Барлық елдер, оның ішінде Қазақстан да жеке қорғаныш заттарын экспортқа шығаруды тоқтатты. Дегенмен, жеке қорғаныш заттарын, маскаларды шығаратын отандық өндірушілер болғанымен біз импортқа тәуелдіміз. Біз сырттан, оның ішінде Қытайдан әкелінетін шикізатқа тәуелді болып отырмыз. Сол уақытта шикізат қолжетімді болмады. Отандық өндірушілеріміз өздерінің ұзақмерзімді келісімшарттары аясында медицина қызметкерлерін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеді», -деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның атап өтуінше, сол кезде отандық нарықта маска тапшылығы орын алып, Денсаулық сақтау министрлігі отандық өндірушілермен өнімді өндіру қуатын арттыру туралы келіссөздер жүргізді.
«Мемлекет медициналық маска бағасын реттемейді. Төтенше жағдай режимі кезінде шекті бағаны бекіту туралы шешімді мемлекеттік комиссия нарықты тұрақтандыру үшін қабылдады. Естеріңізде болса, сол уақытта кейбір адамдардың алаяқтық әрекеттері орын алды. Сондықтан осындай шешім қабылданып, маска бағасы 118 теңге болып бекітілді. Нарық ашылып, шикізат пайда болғаннан кейін де маска қымбаттауын тоқтатпады. Фармацевтика өнеркәсін қадағалайтын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бізге ұсынған мәліметтеріне сәйкес, шикізат 20-25 есе қымбаттаған. Сондықтан маска бағасы бұрынғы 15 теңге деңгейіне түспейді. Қазіргі уақытта өндірушілерімізден маска бағасын төмендету үшін келіссөз жүргізіп жатырмыз. Таяу уақытта маска бағасы 60 теңгеге дейін арзандап қалуы мүмкін», - деді Людмила Бюрабекова.


07 тамыз 2020 ж. 364 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031