Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әуе билеттері арзандауы мүмкін

Әуе билеттері арзандауы мүмкін

Қазақстанда әуе билеттерінің құны арзандауы мүмкін. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі мәлім етті.
 Атап айтқанда, бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында депутаттар әуе билеттері бағасының жоғары болуы туризмді дамытуға кедергі болып отырғандығын атап өтті. Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев бұл бағытта министрлік тиісті жұмыстарды атқарып жатқанын айтты.
«Бізде балаларға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жастарға арналған жеңілдіктер ескерілген жолаушыларды тасымалдау ережелері бекітілген. Дегенмен де, тасымалдау құнына қатысты мәселе әлі де бар. Қазіргі кезде Энергетика министрлігімен бірлесе біздің ұшақтар паркі үшін өзіміздің авиакеросинмен қамтамасыз ету бөлігінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдағы жылы толықтай отандық авиакеросинмен қамту жоспарланып отыр. Менің ойымша, келесі жылы оңтайлы нәтиже байқалады», - деді Т. Тоқтабаев.
Оның атап өтуінше, билет құны бірнеше индикаторлар есебінен қалыптасады. Соның ішінде авиаотын бағасы негізгі көрсеткіш болып отыр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінде туристік саланы дамытуға арналған Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы электрондық виза тетігі қашан енгізілетінін айтты. 
24 қыркүйек 2018 ж. 1 231 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 110

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 113

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 109

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 107

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 113

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 110

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031