Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұр-Сұлтанда жаңа қоғамдық орындар мен арт-нысандар пайда болды

Нұр-Сұлтанда жаңа қоғамдық орындар мен арт-нысандар пайда болды

Демалыс үшін жайлы аймақтарды құру жұмыстары қала басшылығының бақылауында, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазіргі уақытта Алматы ауданында тоғыз қоғамдық кеңістікті абаттандыру аяқталды, тағы бірі аяқталуға жақын. Үш саябақты біріктіру тұжырымдамасын іске асыру аясында - "Президент", "Триатлон" және Есіл өзенінің жағалауында екі баскетбол, демалыс аймақтары бар екі футбол алаңы, демалыс аймақтары бар балалар алаңы, көлеңкелі шатырлар, жаттығу аймағы, 13 пикник зонасы жабдықталды; жағалау бойымен алты бұрылыс және ұзындығы шамамен 4 км велосипед жолы салынды.
М-1 көпірінің астында тас төселген демалыс орны, стритбол асфальты салынып, көпір бағандары граффитимен безендіріліп, декоративті жарығы ұйымдастырылды. Сонымен қатар тамақтану орны да бар. Президент саябағында сумен жабдықтау жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. "Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру" бағдарламасы бойынша орталық көшелерде 3 мың шам ауыстырылды. "Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру" бағдарламасы бойынша жоспарланған 33 ауланың 20-сы абаттандырылды. Қалған 13 ауладағы жұмыстар 1 қыркүйекке дейін аяқталады. Жөндеу жұмыстары 61 аулада жүргізілді.
Хабарланғандай, жаз бойы елорданың барлық аудандарында 150-ге жуық аулалар мен 50 қоғамдық орын абаттандырылуда. Бның ішінде Байқоңыр ауданында - 50 аула, Сарыарқа - 40, Алматы - 33, Есіл - 20. Жұмыс тұрғындардың тілектерін ескере отырып жүргізілуде, "Бюджетке Катысу" бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі аула аумақтарын көріктендіруге, абаттандыруға, көгалдандыруға ерекше көңіл бөлуде. Елордада "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" жоспары жүзеге асырылуда, ол жаяу жүргіншілерге жағдай жасауды, полисцентриализмге бағытталған тәсілдерді енгізуді, жасыл алаңдар мен велосипед жолдарының санын көбейтуді, көпірлерді, қоғамдық орындарды салу және басқаларын қарастырады.
baq.kz
06 тамыз 2020 ж. 707 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930