Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ақарық» каналының арнасы тазаланды

«Ақарық» каналының арнасы тазаланды

Бүгінде Қазалы ауданында ауылдарды абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы көп көмектесіп жатыр.
Аталмыш бағдарламаның шеңберінде Ғ.Мұратбаев ауылындағы аяқ су мәселесін реттейтін «Ақарық» каналының арнасы тазаланды. Бұған дейін арнасын арамшөп басқан каналда судың ағысы өте төмен болатын. Сондықтан кей күндері ауылда аяқ су тапшылығы сезілетін. Енді ауыл тұрғындары ол күнді ұмытатын болады.
«Жол картасы» аясында бөлінген 11 млн теңгеге 3,9 шақырым каналдыңқос арнасы арнасы қазылып, қайта тазаланды. Каналдың арнасын тазалаған мердігер мекеме «Табиғат» ЖШС ауылдың жұмыссыз жүрген 6 тұрғынын жұмыспен қамтылды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
01 тамыз 2020 ж. 1 621 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31