Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құйрықмай коронавирустан құтқара ала ма?

Құйрықмай коронавирустан құтқара ала ма?

Әлемге коронавирус таралғалы бері адамзат бойын үрей биледі. Оның себебі вирусқа қарсы вакцинаның әлі сатылымда жоқтығында. Содан кейін көптеген емшілер, диетологтар мен сәуегейлер індетті жұқтырмауға көмектесетін және оны бір сәтте жоқ қылатын дәстүрлі және жалған ем-домдарды жариялады.

Соңғы жаңалықтарға сенсек жұртшылық вирус жұқтырмау үшін есектің сорпасын ішіп жатыр. Бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген әдіс екенін бәрі біледі. Ал құйрықмай коронавирусты жеңуге көмектеседі деген алып-қашпа сөздің әлемжеліде кезіп жүргеніне де бірнеше апта өтті. Бұл қаншалықты рас?
Жұртқа бұл хабарлама Whatsapp желісі арқылы тараған. Онда тартылған құйрық майдың бір кесесіне таза бал, тартылған екі қасық зімбір қосып, араластыру керектігі, бұл вирус, жөтел мен пневманиядан айықтыратын жүз проценттік емдеу әдісі екені айтылған. “Баға жетпес” дәрі туралы бәрі білу үшін таратыңыз”, – делінген хабарламада. Дәл осы тұста ақпараттың жалған екенін бірден айта кетейік.
Ел арасында халық емі үлкен популизмге ие екені рас. Оның көптеген жеңіл-желпі ауру түріне пайдалы екені де даусыз. Науқасты үздіксіз жөтел қысқанда денеге жағылады. Сондықтан майды мөлшерімен пайдаланып, дәрігер жазып берген дәрілерді ескерсе, толықтай зиян деп те айта алмаймыз. Дегенмен құйрық май дәріні алмастыра алмайды. Ал коронавирусқа қарсы құйрық майдың және өзге де майлардың тиімділігі туралы дәлел жоқ. Бал мен зімбірдің COVID-19-дан толықтай емдейтінін де ешкім дәлелдемеді. Майдың вирусты немесе басқа да инфекцияны физикалық тұрғыда жеңе алмайтыны ақиқат.
Індет Қазақ еліне енді ғана тарала бастағанда Қазақстан отбасылық дәрігерлер қауымдастығының сарапшылары сұхбат берген болатын. Онда аталған мәселеге де тоқталған.
– Баяу балқитын жануарлардың майлары (құйрық, қаз және т. б.) сүрту кезінде теріге жылудың жоғалуын баяулататын пленканың пайда болуына әкеледі. Сондықтан олар бұлшықетті, байламдарды босаңсытып, ауырсынуды жеңілдететіп, жылыта алады. Суық тигенде және кез келген инфекция кезінде бұлшықет ауруы жиі кездеседі. Мұндай “физиотерапия” симптомдарды жеңілдетеді. Бірақ бұл майлар инфекцияны емдемейді, – дейді мамандар.
ДДСҰ-ның ресми сайтында COVID-19 пандемиясы уақытында ересектерге арналған тамақтану бойынша кеңес берген еді. Бұл тұста да құйрықмай мен өсімдік майларына қатысты сөз қозғалады. Ресми ұйымның ұсыныстарына сүйенсек қаныққан майлардан гөрі (балық, авокадо, жаңғақтар, зәйтүн майы, соя, рапс, күнбағыс және жүгері майлары), қанықпаған майларды жеу керек (майлы ет, кокос майы, кілегей, ірімшік). Қызыл еттен гөрі, құрамында майы аз, ақ ет пен (мысалы, құс еті) балықты таңдаған жөн. Өңделген еттердің пайдасынан зияны көбірек болуы мүмкін. Себебі олардың құрамында май мен тұз көп. Мүмкіндігінше сүт пен оның өнімдерінің майсыз түрлерін сатып алған дұрыс. Өнеркәсіпте өндірілетін майды пайдалану құпталмайды. Бұл ингредиент көбінесе өңделген тамақ, фастфуд, жеңіл тағамдар, қуырылған тағамдар, мұздатылған пицца, бәліштер, печенье, маргариндер мен спрэдтерде кездеседі.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
29 шілде 2020 ж. 766 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 23

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 41

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031