WhatsApp-та 150 мың теңгеден таратылады деген ақпарат жарияланды: БЖЗҚ пікір білдірді
WhatsApp мессенджерінде әр қазақстандық зейнеткер БЖЗҚ-нан 150 мың теңге ақша ала алады деген ақпара тарады. Бұған БЖЗҚ жауап берді.
БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі бұл ақпаратты теріске шығарды. Қор бұған дейін де осындай ақпарат тарағанын, ол кезде де жалған ақпарат болғанын ескертті. Ақпаратта инфляция мәселесені байланысты зейнеткерлерге ақша берілетіні айтылған.
БЖЗҚ ресми емес дерек көздеріне сенбеуге шақырды. Жалған ақпарат таратқаны үшін заң бойынш жауапқа тартылатынын ескертті.
Айта кетейік, ақша таратылатыны жөнінде өткен айда жалған ақпарат тараған болатын. Ол кезде қор зейнетақы жинағының сақталуына мемлекеттік кепілдікте тұрғанын атап көрсетті.
Қор өз салымшыларына және алушыларына әлеуметтік желілерде таратылатын барлық хабарларды тексеріп, ресми дереккөздерден тек расталған ақпаратқа сенім арту керектігі туралы ескертті.