Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық жасаған жомарттық

Халық жасаған жомарттық

Қазір жергілікті жұқпалы аурухана жайы белгілі. Сондықтан ондағы сырқаттарға қол ұшын созу үшін «Instagram» әлеуметтік желісінде «Kazaly_365» парақшасы мен «Жанқожа батыр» атындағы орталық мешіті бірлесіп, ауруханаларға ИВЛ немесе кислород алып беру үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ел болып атсалысуды айтқан болатын.

Мешіттің бас имамы Берік Сүлейменов бізбен әңгімесінде «Бауырларымызға кислород жетіспеушілігі себебінен халықпен бірге атсалысқанды құп көрдік. Алла қаласа жиналған қаражатқа Түркиядан екі аппарат, Қытайдан төрт аппарат алдырамыз. Ауысқан ақшасына ауруханаға қажетті киімдер мен басқа да керекті заттар алатын боламыз» деген болатын. Іспен сөздің арасындағы алшақтықты ажырата білетін аудандық «Жанқожа батыр» атындағы орталық мешітінің бас имамы Берік қажы Сүлейменов Қазалы ауданаралық ауруханасына 2 оттегі концентраторын табыстады. Бұл жаңалықты бас имам өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, қуанышты хабармен бөлісті. Оның айтуынша, 8 тыныс алу аппаратын сатып алу үшін ауданның тұрғындары біркісідей атсалысқан екен.
– Берекелі іске ұйытқы болған инстаграмдағы «kazaly_365» парақшасы екенін тағы да айта кеткен жөн болар. Ауданымыздың тұрғындары мен сыртта жүрген жерлестерімізден жиналған қаражатқа Түркиядан 2, Қытайдан 6 оттегі аппараты сатып алынды. Түркиядан алдырған аппараттар келіп, қолымызға тиді. Ал Қытайдағысы 4-5 күнде жетеді.
Айта кетейін, бір қандасымыз 500 медициналық маска, бір азамат 50 арнайы костюм алып берді. Бұларды да аудандағы медициналық мекемелерге таратамыз, – деді Берік Мәдиұлы.
Қазіргі таңда Қазалы теміржол ауруханасына 150 дана медициналық бетперде мен 15 қорғаныш костюмдері табысталды. Бүгінгідей эпидемиологиялық ахуал күрделі кезеңде біз бір-бірімізге қолдау көрсетіп, өтпелі қиындықтан ұйымшылдық, ауызбіршіліктің арқасында және жақындарымызға жанашырлық танытсақ ғана жеңе аламыз. Аудан әкімдігі «Жанқожа батыр» атындағы орталық мешіттің бас имамы Берік Сүлейменов бастаған жанашыр азаматтарға, еріктілерге және барша аудан тұрғындарына алғыс айтып, мемлекеттің, туған жердің гүлденуі үшін аянбай атсалыса берулеріне тілестік білдірді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
29 шілде 2020 ж. 910 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930