Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке балабақшалар қызметкерлерін қабылдады

Жеке балабақшалар қызметкерлерін қабылдады

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жеке балабақшалардың қызметкерлерімен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады.
Аудан әкімінің қабылдауына келген балабақша қызметкерлері карантин уақытысында мамыр, маусым айларының жалақысын әлі күнге дейін ала алмай отырғандарын айтып, осы мәселені шешіп беруін сұрады.
– Бұл мәселе жөнінде біз білеміз. Осыған орай облыстық білім басқармасына шығып, тиісті министрлікке де хат жаздық. Білім министрінің осы мәселе жөнінде бұйрығы бар екен. Соған өзгерістер енгізу жағы қарастырылуда.
Бұған қоса аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова да тиісті сала басшыларымен және құзыретті органдарға басқа облыстардағы жеке балабақшалардың айлығы қалай төленгенін зерттеп, мәселені дереу шешуді тапсырды. Амандық болса, бұл жағдай оңтайлы шешіледі. Тек сәл сабырлық сақтап, шыдамдылық танытайық, – деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.
Айта кетейік, бұған дейін Қазалы ауданы бойынша 12 жеке балабақшаның қызметкерлері жалақы мәселесіне байланысты өздерінің наразылықтарын білдірген болатын.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
18 шілде 2020 ж. 522 0

Келелі кездесу

11 мамыр 2024 ж. 34

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031