Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Діни басқарма өкілі халықпен жүздесті

Діни басқарма өкілі халықпен жүздесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов Қазалы ауданында болды. Қазақстандықтарға танымал дінтанушыны алдымен аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қабылдады. Онда Сансызбай Құрбанұлы діни түсіндіру тобы және терроризмге қарсы комиссия мүшелерімен жүздесті.
Жиында қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы исламның рөлі жөнінде айтқан аудан басшысы ҚМДБ өкілінің қатысуымен ұйымдастырылатын басқосулардың маңыздылығына тоқталды. Тиісті сала басшыларына халықпен кездесуді өз деңгейінде үйлестіруді тапсырды. Өз кезегінде С.Шоқанов дін аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Үш күндік іс-сапарында Сансызбай Шоқанов ең әуелі білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Сондай-ақ, аудан жастары, мешіт жамағаты, денсаулық саласы мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен әңгіме-дүкен құрды. Ол аудан тұрғындарын мазалап жүрген сұрақтарға жүйелі жауап берді. Сонымен бірге, имани тәрбие, ұлттық құндылық жайында насихаттар айтылып, діни-ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
14 мамыр 2018 ж. 1 371 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 129

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 108

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 113

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031