Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Cтуденттерге 42 500 теңгені алу мүмкіндігі бар

Cтуденттерге 42 500 теңгені алу мүмкіндігі бар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов студенттер 42 500 теңгені алуға мүмкіндігі барын айтты.

"Бұл төлемге қатысты "студенттер" деген жеке санат жоқ. Оларға тек студент болғаны үшін төлем тағайындалмайды. Бұл төлемді тек жалдамалы жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар ала алады. Егер олар коронавирусқа байланысты шектеу салдарынан табысынан айырылса. Егер студент осы санатқа жатса, оның 42 500 теңгені алуға мүмкіндігі бар", - министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Алайда Біржан Нұрымбетов бұл мәселе әлі пысықталып жатқанын жеткізді. "Өткенде студенттерге 42 500 теңгенің төленуінің заңдылығына қатысты сұрақтар болған еді. Қазір таңда біз бұл мәселе бойынша ақылдасып жатырмыз... 42 500 теңгені жалдамалы жұмысшы болған студенттер алуы мүмкін. Олар үшін өтінішті жұмыс беруші береді. Егер жеке кәсіпкерлер болса, олар қызметтерінің шектеулі екенін растау үшін өтінім береді. Егер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат болса, онда бірыңғай жиынтық төлемді тұрақты түрде төлеуі керек. Осы жағдайда олардың төлемді алуға мүмкіндігі бар", - дейді министр.


15 шілде 2020 ж. 744 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930