Теміржол өткелі талапқа сай болса...
Теміржол жолаушылар қатынасы әлемдегі қауіпсіз көлік саналатынын білеміз. Дегенмен суицидке баратын адамдардың көпшілігіне пойыз себепкер болатынын ескерсек бұл пікірдің жаңсақ айтылғанына көз жеткізуге болады. Сонымен қатар әлем бойынша жыл сайын жүздеген адам теміржол өткелінде жан тапсырады. Бұған кезекші посттағы мамандар, жол ортасында бұзылып қалған көліктер мен жүргіншілердің қауіпсіздік талаптарын сақтамауы себеп болып отыр. Әсіресе жолаушылары бар темір тұлпарлардың теміржол өткеліне келіп маторы сөніп қалуы бізге таңсық емес. Дәл осындай жақында ғана Алматы облысында орын алған жантүршігерлік апатты көпшілік әлі ұмыта қойған жоқ.
Бұған дейін халықтың қабырғасын қайыстырған осыған ұқсас апаттар Алматы, Павлодар, Түркістан және Маңғыстау облыстарында тіркелген. Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылында орын алған апат тіптен сұмдық. 15 орындық көлікке 35 адамды тиеп алып, тепловозбен соқтығысқан “Газель” 9 адамның өмірін алып кетті. Оның жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырып, тағы 27 жолаушы ауыр жарақат алған. Бұл тұста тепловоз жүргізушісі тежегішті басып үлгергенімен, пойызды тоқтата алмағанын айта кеткен жөн. Бұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тәуекелдерді назардан шығармау керек екені анық.
Апат айтып келмейтіні түсінікті. Сондықтан бұндай жағдайға әр кез дайын болу керек. Мәселен, Қазалы ауданындағы жағдайға көз жүгіртейік. Ең алдымен мұнда да қоғамдық көліктер жолаушыларды шамадан көп мінгізеді. Бірнеше маршруттық көліктер теміржол өткелін кесіп өтеді. Оның үстіне жеке көліктердің де, “Газельдердің” де көпшілігінің шыққан жылы көне. Демек техника кез келген жерде оталмай қалу қаупі бар. Ал егер шетелдік талап бойынша баяғыда «сносқа» кетуі керек осындағы жүздеген көліктің бірі пойыз алдына келіп, қозғалтқышы өшіп қалса не болмақ? Мұндай жағдайда көбіне жүргізулер «шок» ұстап алатыны белгілі. Апаттың алдын алу үшін не істеу керек?
Бұл тұста Арал ауданындағы атқамінерлер озып тұр. Олар теміржолды кесіп өтетін жолға пластикалық «кілем» жайып тастаған. Ал біздегідей қай заманда салынғаны белгісіз теміржол өткеліндегі бетон төсеніштер көлік жүрісіне айтарлықтай кедергі келтіреді. Жаңағыдай итеріліп оталатын көліктердің жүйкесі мұндай жерде екінің бірінде сыр береді. Осы қиындықты жою үшін аралдықтардан үлгі алуымыз керек. Әйтпесе теміржолдан өтетін көпір салу қомақты қаржыны талап ететіндіктен жүзеге аспайтынын біліп отырмыз.
Сонымен бірге теміржол пунктінде қозғалысты реттейтін маманнан бөлек, құтқарушы бригада жасақталғаны жөн. Тым құрығанда қайғылы жағдай сигналы берілгенде теміржол бетін басып тұрған кедергілерді ысырып тастайтын автоматты техника қарастырылса нұр үстіне нұр болушы еді. Өйткені пойызда да, көлікте де мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам өмірі бар. Ал оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жергілікті басқарушы билікке жүктелгені белгілі.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ