Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы сенімін ақтауға бар күш-жігерімді саламын

Елбасы сенімін ақтауға бар күш-жігерімді саламын

Көп адам әжеңе тартқансың деп жатады. Жас кезінде елдің мәселесіне араласып,депутат атанып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен бірге жиындарда бірге жұмыстар атқарып, нәтижесінде "Қазалы ауданының құрметті азаматы" атағын алған Алдажарова Ажаркүл Сейділдақызы-менің ақылшым,анашым.
"Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің" демей ме?! Кішкентайымнан Ержігіт атам мен Ажар әжемнің тәрбиесін бойыма сіңіріп,еңбекқорлық қасиеттерін көріп,ел мен елін сүйген Елбасы туралы жақсы әңгімелерін,өнегелі өсиеттерін естіп, осы күнге, осындай дәрежеге жеттім деп санаймын.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында кең байтақ тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде бейбітшілікте өмір сүрудеміз. Тіпті Елбасымыздың жетістіктері де өте зор. Жеткен жетістіктеріміз, алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы. Алда көптеген мақсаттар, атқарылатын істер бар. Қазақстанның бағындырар белестері де алда. Осы белестерді, мақсаттарды біз тек Елбасымен бірге бағындыра аламыз.
Біз жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз. Жастар – Елбасының тірегі, Елбасы – елдің тілегі! ”Төбесіз жер, төресіз ел болмайды” дегендей, бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек. Кешегі тар жол,тайғақ кезеңде,егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп,шекарамызды шегендеп,халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген,сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, Астанасын салып, айдай әлемге әйгілеген,халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз.
Мен ел Президентінің осынау тарихи тағдырлы жеңістерін зор алғыс сезімімен жоғары бағалаймын және мақтан етемін. Заманымыздың ұлы қайраткері ретінде Қазақстанды әлем төріне шығарғаны үшін,туған халқының дана перзенті ретінде ата жұртымыздың бағын жандырғаны үшін,әсем де айбынды Астанамен салтанатымызды асырғаны үшін мыңда бір рахмет айтамын.
Барша Қазақстан халқының жүрегінен жол таба білген Елбасының халқы үшін ақтық демі қалғанша қызмет ететініне кәміл сенемін!
Аллаға мың да бір шүкір, кеше ғана Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Алғыс" хатымен марапатталдым.
Алғыс хатта: "Сіздің жанқияр жанашырлығыңызды Отанымызға деген сүйіспеншілігіңіз бен биік азаматтық ұстанымыңыздың көрінісі деп қабылдаймын" деген Елбасы сенімін ақтауға бар күш-жігерімді саламын.
Жаннат НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫ,
ағылшын тілі пәні мұғалімі, жеке кәсіпкер
02 шілде 2020 ж. 859 0

Келелі кездесу

11 мамыр 2024 ж. 35

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031