Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін – Тұңғыш Президент күні

Бүгін – Тұңғыш Президент күні

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін біледі.
Назарбаевтың елі үшін ерінбей еңбек етіп, 27 жыл ішінде жап-жас қазақ елін «Орда бұзар» деңгейге жеткізгенін әр қазақ мойындайды. Елді татулықтан, бірліктен бір елі ажыратпай, осы күнге дейін тәуелсіздіктің көк туын желбіретіп, бір құлатпай жүргенімізге де елбасы себепкер.
Оның ел ішіндегі сый-құрметін билігін тоқтатқаннан кейін «жетім қалған баладай жаутаңдап қалдық» деп пікір білдіріскен ел-жұрты әкесінен кем көрмей, қорған тұтқанынан анық байқауға болады.
Жасы сексенге таяса да спорттан бір адым ажырамай, салауатты өмір салтын ұстанатын елбасымыз Қазақстанның талай жетістігін бізбен бірге көреді деп сенеміз. Біз үшін мәңгі президент боп қалатын тұңғыш президентіміздің деніне саулық, еліне бірлік тілейміз. Нар тұлғаға қандай құрмет көрсетіп, қандай мәртебеге ұсынсақ та лайықты.
massaget.kz

01 желтоқсан 2019 ж. 1 571 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 85

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 84

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930