Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау – Жастарды қолдау

Жолдау – Жастарды қолдау

Елбасының халыққа арнаған кезекті Жолдауы мемлекеттік мәселелерге жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарды айқын көрсетуімен ерекшеленді. Президент Жолдауы – ел дамуының стратегиясын, басымдықтары мен болашағын айқындайтын басты құжат. Сондықтан, Елбасы екпін түсіріп айтқан барлық міндет халықтан қызу қолдау табуда. Н.Ә.Назарбаевтың осы жолғы Жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау, жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру туралы айтып, келесі жылды жастар жылы деп жариялағаны маған айрықша ұнады. Дамудың өзіндік ерекше үлгісін қалыптастыра білген еліміз тағы жүз мақсат, мың мүддені арқалап, болашаққа бірге ұмтылмақ. Жол көрсетер Жолдау арқылы жігерлі жастар, қазақ елінің ұлттық идеясы саналатын мәңгілік елді қалыптастыратынын байқауға болады.
Елбасы саясаты арқасында халқымыз талай тегеуріннен қиналмай өтіп келеді. Соның ішінде жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктер де көңіл қуантарлық. Мысалға келтірер болсақ, «Жастар тәжірибесіне» сәйкес жас мамандарға қамқорлық жасалып отыр. Ал «Дипломмен – ауылға» жобасына түлектер ауылға бет бұрды. Айта берсек, ұсынылып отырған мүмкіндік мыңдап саналады. Дегенмен еліміз бағындырар белестер мен алар асулар әлі де алда. Мұны бүгінгі Жолдаудан айқын ұғынуға болады. Алдағы уақытта атқарылар істерге жастардың атсалысуы парыз болмақ. Ендеше, Елбасының саясатын қолдай отырып, замандастарымды Отанымыздың өзгелерден озық шығып, Азия барысына айналуы жолында еңбек етуге шақырамын.
Қазақстан – біздің жалғыз Отанымыз. Оның әрбір жетістігі үшін барлығымыз бір кісідей қуанатынымыз да сондықтан. Жер шары кең болғанмен, біздің Отанымыз – біреу ғана! Ол Тәуелсіз Қазақстан. Елімізге, жерімізге амандық, бақыт және даму нәсіп етсін.
Гүлдәрі ИМАНАЛИЕВА,
«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық
филиалының консультанты
16 қазан 2018 ж. 2 523 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930