Мерекелік концерт қойылды
«Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйенерге жарар ол» деген халық даналығы, талай «тар жол тайғақ кешулерден» халқын аман алып шығып, қазақ елін әлемнің озық елдерінің қатарынан көрсетуі Елбасының сарабдал саясатының арқасы.
Ер мерейі – ел мерейі. Басшының мәртебесі биіктеген сайын елдің абыройы да асқақтай береді. Еліміздің жетістігінде Тұңғыш Президентіміздің еңбегі орасан. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Елбасы қоғамды демократиялық жолмен дамытуға, зайырлы да дәулетті ел болуға бастап келеді. Ел мен Елбасы бөлінбейтін егіз ұғым.
Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйі Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы!» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Кеш барысында округ әкімі Ғалымжан Зинадинов ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Шара жалғасы көркемөнерпаздар үйірмесі мүшелерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Бауыржан ІЗМАҒАНБЕТОВ,
Бекарыстан би ауылы.