Балықшылыққа да бейім қажет
Сыр бойында, оған жақын көлдерді жағалай орналасқан ауылдарда балықшы жандар жетерлік. Тіпті апта сайын балық етін жемесе отыра алмайтындарды ауылдан да, қаладан да жиі кездестіреміз. Машақаты көп ауыр жұмысты алып жүру оңай емес әрине. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романын оқыған жандар мұны жақсы білсе керек. Қытымыр қыс мезгілінде мұз тырнап, суық суды белшеден кешіп, зілдей балық салынған қаптарды жағаға шығару қарулы жігіттердің қолынан ғана келетін іс. Шақырайған күн астында да айдынның бетінде теңіз маржанын судан жоғары шығарудың өзі бір қиямет. Дегенмен бүгінгі жұрт балық аулаудың құралдары мен жұмыс жүйесін толық біле ме екен?
Бүгінге дейін көпшілік балықтың түрін айтып, балықшының бір күнін тілге тиек етіп, баяндаудан жалыққан емес. Таңнан кешке дейін су кешкен балықшылардың қиын шаруаға көңіл қойғанын айтудың өзі артық. Дегенмен бүгін біз балықшы кәсібінің құрал-жабдықтары мен жұмыс жүйесін жан-жақты таныстыруды жөн көрдік.
Анығында балық аулауға қажетті құралдары әр жерде әрқалай аталуы мүмкін. Оны тек сол саланың мамандары жақсы біледі. Ертеректе тек қана балықпен тұтас бір ауылды асыруға болғанын айтсақ сөз таластырмағаныңыз жөн. Өйткені көпшіліктің күн көруіне септігін тигізген мұның әлі күнге бір отбасы нәпақасына тигізер көмегі орасан зор.
Қазақтар ертеде балық аулауды арнайы кәсіпке айналдырмағанымен үлкен дария мен теңіз, көл жағасындағылар қарапайым тәсілдерді пайдаланғандығы туралы осы күнге жеткен деректер бар. Олар қарапайым құрал түрлерімен, шанышқымен, қармақ салу, найзамен түйреу, ілме салу, тоспа, сүзу сияқты әдіспен аулаған. Балық аулауға сере, шанышқы, шаппа сияқты шаншып аулау құралдарын, түрлі қармақты тұтынған.
Сонымен қатар ұзын таяққа аттың құйрық қылын бекітіп жасаған ілмені суға салып, балық түсуін асықпай күтіп, қозғалғанда оны тартып алып ұстайтын болған.
Қармақтың түрі өте көп, соған орай құраушы бөлшектері де сан алуан: жайын қармақ, ине қармақ, әттік, жебе, темелек, жұтпа, шортан қармақ, жалтырауық, топтап салған бір етек қармақ, шаппа қармақ, салма қармақ тағы басқа. Қазақтар орыс қоныстанушыларынан әуелде ау құрудың, көл ортасына жетудің жолдарын үйренген екен. Балықшылық кәсібіне дағдыланған қазақтар малға айырбастап, қайық сатып ала бастады. Балық аулау барысы ауылдарда осылай дамыған.
Аяқта резеңке етік, қара қайық пен екі ескек, жұлым-жұлым киім. Иығына ау салынған қапты арқалап, балық аулауға кіріседі. Суға ауды төгіп отыратын және ескек есетін кемінде екі адам болуы тиіс. Аудың ұзындығы шамамен есептелініп алынады. Кейде теңізге шақырымдап та ау салына береді.
Балық аулауға сәуір мен маусым аралығы және қыркүйек пен қазан айының бірінші жартысы өте ыңғайлы. Балықтың уылдырық шашатын кезі су жылып, өзен тасыған маусым мен шілде айларында болады. Өзендер тасып арнасынан асқан кезде, жайылма суларға да уылдырық шашады. Бұл кезде балық ауланбайды.
Бала кезімізде суға таяқ ұшын батырып қойып, оны балық тістейді, сосын сыртқа шығарып аламыз деп сенетінбіз. Осылай балық аулап ойын ойнайтынбыз. Балық аулаудың күрделі түрі желі қармақпен балық аулау әдісі екенін ол шақта бұлай бағамдамаппыз. Желі қармақтың ұзындығы 50-60 метр, кендір арқанның бойына 2 метр сайын 20-30 қармақ, бір жерге 40-60 желі қатарынан жалғастырылып құрылатын құрылғы. Жүз елудей қармақ байланған алты кішкене желінің қосындысын балықшылар «сүре» деп атайды. Барлық ерекшеліктерін балық аулау кәсібімен шұғылданып жүрген қауымнан сұрап білдік. Сүрелердің аралығына байлап, су түбіне тасталатын салмағы 20 келідей ауыртпалықтағы желілерді бір орында қозғалтпай ұстайды. Су бетінде жиырма шақты қалтқыдан тұратын көтергі оны батырмай көтеріп тұрады. Ертедегі қарапайым желінің ұзындығы 11-13 құлаш, желі аралары 18 см етіп байланған, бауы қысқалау бір қарыс қана кендірден жасалған. Бекіре, шоқыр, қорытпа аулаудың бір түрі – қарашағырмаққа кендірден желі жасап, жіптің бойына 8-10 см сайын қара қармақтар байлау керек. Сөйтіп те ұсақ балықтар аулана береді. Қармақ арқылы да балықшылар ас-ауқатын тауып жеген.
Кез келген істің қыр-сырын білмей, бас салу әбестік. Сол секілді балық аулап, оны барлық жағынан танып білу де үлкен өнер. Сондықтан үлкен шаруаға кіріспес бұрын, оның жолдары мен жабдықтарын танып білгеніңіз артық болмас.

Абзал ЖОЛТЕРЕК