Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзгенің өмірін қорғау – асыл қасиет

Өзгенің өмірін қорғау – асыл қасиет

Қан құю қызметі мен қан жүйесі ауруын хирургиялық емдеу әдістері Қазақстанда 1940-1950 жылдары басталды. Бұл жаңалықты алғаш қолға алған атақты ғалым А.Н.Сызғанов болды.
Күрделі ота жасалғанда кейбір себептермен науқастарға көп мөлшерде қан құйылады. Оны Гемотрансфузия операциясы деп айтайды. Аталған медициналық көмек сәтті өту үшін қан тобын анықтау және резус фактор әдісі дұрыс болу керек. Міне, осы мәселені әріден ойлаған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, халықаралық «Қызыл крест» және «Қызыл ай» қоғамы федерациясы, халықаралық қан донорлығы мен қан құю ұйымдары бірігіп, қанның АВО топ жүйесі мен резус факторды 1901 жылы алғаш ашқан, ғалым, Нобель сыйлығының иегері Карл Ландштейнердің туған күніне орай 14 маусым – Дүниежүзілік донор күні деп белгілеуге, шешім қабылдаған. Содан бері жыл сайын әртүрлі девизде аталып өтілетін шараға ерікті донорлар өз үлестерін қосуды дәстүрге айналдырған. Донор – латын тілінен аударғанда «сыйлаушы» деген мағынаны білдіреді. Донор қанының көмегімен миллиондаған адамдардың өмірі сақталып қалады.
Ауруларды емдеу үшін ғылымның осы күнгі дәрежесі көптеген донорларды қажет етеді. Өзекті мәселені шешуде өтеусіз қан беруді жаппай ұйымдастыруды бұқара арасында барынша кеңінен жүргізу ең алдымен донорды қанға немесе қан препараттарымен емделуге мұқтаж аурулардың туысқандары мен достары арасынан іздейді. Сонда туыстардың қаны реакцияны өте сирек немесе әлсіз беретіні, мұндай қанның шипалылығы айтарлықтай мол болатыны анықталды. Оларды донорлыққа тарту стафилококк инфекциясы ауырған кісіні комплексті емделген аса пайдалы антистафилококк плазмасын емдеу практикасына енгізуге байланысты ерекше маңызға ие болып отыр.
Қан беруден қауіптенетін ештеңе жоқ. Өйткені организмнің жоғалғанды толтыру мүмкіндігі мол. Қанның сұйық бөлігі 16-18 сағат ішінде, ал толық биохимиялық құрамы мен түрлі элементтері 30-40 күн ішінде қалпына келеді. Тіпті қан беру тек науқас адамға ғана емес, донордың өзіне де аса пайдалы. 300-450 мл мөлшерде қан беру организмнің қоршаған функцияларын жұмылдырады, зат алмасуына игі ықпал жасайды, жүйке қызметін, ұйқы мен тамаққа тәбетті жақсартады, жұмыс қабілетін арттырады. Сондай-ақ қан тапсырушылар ишемиялық жүрек ауруына сирек шалдығады. Қан тапсыру қауіпсіз болып табылады, ол үшін бір реттік қолданыстағы және стерильдік бұйымдар қолданылады. Сол себепті донор індеттен (инфекциядан) толығымен қорғалған. Қан құю қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сіздің қаныңыз көптеген вирустар мен кеселдер бойынша тексеріледі. Нәтижесінде сіз, өз денсаулық жағдайыңыздан үнемі хабардар боласыз.
Қауіпсіз қанның құрамында вирустар, бактериялар, химиялық және науқасқа зиян әкелетін заттар болмауы керек. Сондықтан донорлар тарапынан салауатты өмір салтын насихаттау, ұстану тиімді. Донор қанының қауіпсіздігі үшін құйылуға дейін 6 ай мерзімде карантинде сақталады. 6 айдан кейін донор қайта тексеріледі, егер құрамында вирустар табылмаса, онда қан компаненттері емдік мақсатта қолданылады.
Қазіргі таңда донорлардың қанын Облыстық қан орталығы қабылдауда. Медициналық мекеме заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған және сараптамаларды зерттеуге толық мүмкіндік жасалған.
Қалдыгүл МЫҢЖАСАРОВА,
Қазалы ауданаралық ауруханасының
трансфузиология кабинетінің мейіркеші
13 маусым 2020 ж. 790 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 27

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 23

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930