Жаралылар жанынан табылған
Дүние есігін ашқан әрбір жұмыр басты пенде тағдырдың өз таланына жазғанын көреді дейміз. Сара апай да пешенесіне бұйырған несібесін қажыр-қайраты арқылы алып жеп, өмірдің соқпақты жолдарын бастан өткерген жан. 1919 жылы Қазалы қаласында кедей шаруаның отбасында туған. Он үшке толып балалық бұлдыр сезімнен арылып, оң-солын енді тани бастаған шақта әкесі Төлеген қайтыс болды. Отбасының басшысы – ер азаматынан айрылу, жанұя мүшелеріне оңайға соқпады. Үй іші тірлігі мен балаларға бас болу ауыртпалығы амалсыздан шешесі – Қалқаштың мойнына түсті.
Бірде жай-жағдайларын біліп кетіп тұратын шешесінің туған інісі, нағашы ағасы – Темірбек үйге келіп, кетерінде: «Апа, заман болса қазір қиын. Екі қызыңның бірін маған бер. Өзім оқытып тәрбиелейін. Қалғандарың ел ішінде үйтіп-бүйтіп күн көрерсіңдер. Мен де ара-тұра хабарласып қолдан келген көмегімді беріп тұрармын» – деді.
Осы бір оқиғадан кейін бәкене бойлы, бұрымы желбіреген ақсары қыз, Ақтөбе теміржол стансасында саяси қызметкер болып істейтін нағашысы Темірбектің үйінде тұра бастады. Үлкен қаланың тыныс-тіршілігіне тез үйренісіп кетті. Бұрыннан да оқуға зерек қыз сабағына ұқыпты дайындалуды үнемі естен шығармай класындағы үздіктер қатарынан орын алды.
Арнаулы орта оқу орнын ойдағыдай бітіріп, медицина қызметкері атанған жас Ақтөбе облыстық ауруханасында жұмыс істеп біраз тәжірибе жинағасын 1939 жылы туған жері – Қазалыға қайта оралды. Келісімін қалалық ауруханаға аға мейіркеш болып орналасты. Қалаған мамандығын жанындай сүйетін Сара өзінің кішіпейіл қалпынан айнымай сырқат жандарға қол ұшын беріп жұмысын кіршіксіз атқарды...
Жұмбағы көп өмірдің сықырлауық арбасына мініп, қоңыр күйлі тіршіліктің бодауына мойынсұнып, алдағы күндеріне үміт артып жүргенінде жер беті шайқалып кеткендей болды. Жүректерді тілгілеп, көңілге үрей тудырып «Соғыс!» деген суық хабар жетті. Ел ішінің берекесі кетті. Бел қайысарлық ауыр жұмыстың нақ ортасында күндіз-түні жүргенде мыңқ етпес, тау қопарар атпал азаматтар Отан қорғау жорығына кезекпен алына бастады. Осындай алаң көңіл күндердің бірінде аудандық әскери комиссариаттан шақыру қағазын алды. Хабар жеткізушінің айтуына қарағанда, аудан көлеміндегі медициналық мамандығы бар қыздар жасақталып, майдан шебіндегі әскери емханаларға аттандырылмақ.
1941 жылдың қыркүйек айында туған жермен қимай қоштасқан өрімдей алты қыз әскери эшалонмен майдан шебіне қарай жол тартты. Ішектей шұбаған теміржол бойымен күндіз-түні жүріп отырып бұлар мінген эшалон он төрт күн дегенде Қиыр Шығыстағы Восточный Куйбышев қаласына ат басын ірікті. Арнаулы машина қала маңындағы қалың орман ішіне алып кірді.
Қыркүйек айының аяғы болса да шыршалы орман іші салқын екен. Ішінде от жағатын пеші бар жағалай құрылған палаталарға орналасты. Ертеңіне осы орман ішінде әскери оқуда болатындарын білді. Алты ай бойы әскери өмірге машықтанған олар ант қабылдап сынақтан өткізілді. Медицина қызметінің кіші лейтенанты шенін алып офицер атанды. Жанындағы құрбыларымен бірге Сиданко елді мекеніндегі 305-ші әскери постыдағы госпитальға аға медсестра болып қызметке кірісті. Әскери тәртіп қатаң. Жұмыс өте ауыр. Күндіз де, түнде де дамыл жоқ. Майдан шебінде жараланған жауынгерлер санитарлық пойыз арқылы толассыз келіп жатады.
Алғашында қол-аяғын снаряд жұлып кеткен жаралыларды көргенде жүрегі толқығаннан аузына тығылып, бойын қорқыныш билеген. Кейін көз үйреніп бәріне де көндігіп алды. От-жалынға толы майдан даласынан оқ тиіп жараланып келген жүздеген жауынгерлерді емдеп шығарып, олардың көл-көсір алғысына бөленді.
Сиданкодағы әскери госпитальда жақсы қызметімен танылған ол Благовешинск қаласындағы ірілендірілген госпитальға аға медсестралық қызметке ауыстырылды. Осында жүріп Коммунистік партия қатарына қабылданды. Госпитальдағы бастауыш партия ұйымын басқарды. Майдан шебіндегі жанқиярлық еңбегі үшін Совет мемлекетінің Бас қолбасшысы И.В.Сталиннен бірнеше рет Алғыс хат та алды.
1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына қатысып, Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан жандардың бірі, медицина қызметінің лейтенанты – Сара Тәжібаева өмірінің соңына дейін Қазалы қаласында тұрды. Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен бірнеше медальдардың иесі Сара апайдың бейбіт өмірдегі атқарған жұмыстары да жастарға үлгі етуге тұрарлық.
Сара Тәжібаева 1947-1952 жылдары Қазалы аудандық партия комитетінің әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі бөлімін басқарды. Кейін ұзақ жыл бойы қалалық Кеңес атқару комитетінің хатшысы, қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1972 жылдан дербес зейнеткерлер қатарында болды. Қазалы ауданының Құрметті азаматы атанды.
Ел басына күн туған – Ұлы Отан соғысы кезінде жаралы жауынгерлерді емдеген Сара апамыздың өнегелі өмір жолы оны білетіндердің жүрегінде мәңгілік сақталады.

Сахи ҚАПАР