Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сындарлы сәтте сабырлы болайық

Сындарлы сәтте сабырлы болайық

Қазіргі таңда әлемдегі пандемиялық ахуал кім-кімге де оңайға соғып отырған жоқ. Барлық елдер індеттің таралуын тоқтату мен науқастарды емдеу үшін қолдан келген істің бәрін жасауда. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі аталған жағдайға ертерек қамданғанын айта кеткен жөн. Соның арқасында мемлекеттегі жағдай дер кезінде бақылауға алынды. Енді мәселені түбегейлі шешу үшін халықтың ауызбіршілігі мен карантин ережесін сақтауы маңызды.

Кеше ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимін сәуірдің соңына дейін созуды тапсырды. Бұл әлі де болса тәжді вирустың қауіптілігі сейілмегенін көрсетеді. Бірақ қаншама қилы заманда ұлт амандығын, құндылықтарымен қоса бір-біріне деген бауырмалдылығын сақтап қалған қазақ жұрты бұл кеселді де оңай еңсеретініне сендіргім келеді. Оның үстіне қазақ жұрты кез келген қиындыққа шыдамды, ауруды оңай еңсере алатын қасиетке ие екенін естеріңізге саламын. Десек те қазалылық жерлестерімді үйден салмақты себепсіз шықпай, карантин ережелерін сақтауға шақырамын. Дәл бүгінгі күні миллионнан астам адамды ауыртып үлгерген вирустан қорғанудың бұдан асқан емі жоқ.

Бүгін Қазалы ауданында да бір науқасың анықталғанын естідік. Бұл жағымды жаңалық болмағанымен, еңсемізді түсірмейік. Бастысы жауапты сала жауаптыларының кеңесін бұлжытпай орындап, үйде қалып, тиісті мамандардың өнімді жұмыс істеуіне кедергі келтірмейік, ағайын!
Батырбек ТӘҢІРБЕРГЕНОВ,
№249 мектеп-лицей директоры
11 сәуір 2020 ж. 1 298 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031