Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Президенті өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдады

ҚР Президенті өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде осылай деді.

"Мен ҚР Президенті ретінде өкілеттігімді тоқтатамын деп шештім. Әрине, бұл оңай шешім емес. Биыл ең жоғарғы лауазымдағы міндетімді атқарып келе жатқаныма 30 жыл толады", - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде осылай деді.

«Халқым маған Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болу мүмкіндігін берді. Кеңес империясы құлаған сәтте, біздің саясатымыз бен экономикамыз құлдырап қалғанын білесіздер. Ел ішінде қобалжу мен түсініксіз жағдайлар орын алды. Ішкі жалпы өнім екі есеге қысқарды, азық-түлік тауарлардың тапшылығы сезілді. Бір мезетте ірі зауыттардың барлығы тоқтап қалды. Бұл сынақ болатын. Біз осы сынақтан өтіп, Қазақстанның даму жолына белсене кірісіп кеттік», - деді ол.
19 наурыз 2019 ж. 1 380 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031