Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемгі көгалдандыруға ағаш отырғызу тәртібі

Көктемгі көгалдандыруға ағаш отырғызу тәртібі

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу - маңызды істердің бірі. Егілген ағаштың, өскен өсімдіктің әуе алабына тигізер пайдасы зор. Жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы микроклимат қалыптасады және шу деңгейі төмендейді. Атап айтқанда, орман екпелерiнiң бiр гектары ауадан 400 келі күкiрт қышқыл газын, 100 келі хлоридтi және 25 келі фторидтi, жерге түсетiн және ауада болатын барлық зиянды заттардың 60-80 пайызын жұта алады.
Көгалдандыру жұмыстарының табысты болуы көп жағдайда ағаш  түрлерінің жергілікті жағдайда қаншалықты биімделіп, таңдап алуына байланысты болады.
Суғармалы жерлерді таңдау үшін әр түрлі ағаштар тұқымының биологиялық және тез өсу жағынан алғандағы кең ассортементі пайдалыналады баулар мен паріктерде жекелеген алеллеялық және көшелік көркейту үшін кәдімгі өрік, аққарағай,  үйеңкі, терек, жасыл және кәдімгі шаған ағаштар отырғызылады. Екпе көшеттері ұзындығы 25 см кем емес бір жылдық стандартты деп саналады.
Өмір сүру қабілетін сақтау үшін отырғызатын жерге тасылып әкелінген көшеттерді ылғалмен қамтамасыз ету қажет бұл үшін көлік қорабына қоға, брезент, сабан төсеу қажет көшеттер ылғал сабан төселген автомобил қорабына жиналып салынады. Жинау мүмкіндігінше жие тығыз болғаны дұрыс, жоғары жағынан қоға немесе брезентпен қымтап жабылады. Отырғызылатын жерге әкелінген көшеттер құрғап қалмауы үшін оларды шұғыл түрде ылғалды жерге көміп үстіне су құйып қою керек, көшеттер 30-35 градус бұрышы бойынша жерге тамыр мойындарына дейін көміледі.
Көгалдандырылатын учаске алдын ала топырағы жыртылып, тырмаланып алғаннан кейін суғарылатын арықтар жүргізіледі. Арықтардың жиегіне ағаш отырғызылатын ұялар қазылып дайындалады. Көшеттер 40х40х40 сантиметірлік, тереңдігі 35х40 сантиметірлік шұқырларға отырғызылады. Шұқырлардың түбіне құнарлы жердің жоғарғы қабатындағы топырағын тастайды. Отырғызу кезінде тамырлардың бүгіліп қалмауына жол бермеудің маңызы зор.
Отырғызу кезінде көшеттердің тамыр мойны жер бетінен 2-3 см төменде жату қажет.
Көгалдандыруға тал, теректің қаламшалары арқылы отырғызу жүргізіледі.
Бұнда қаламшалар тал, теректің бір жылдық жақсы дамыған шыбықтарынан алынады.Қаламшалардың ұзындығы 20-25 см қиғашталып кесіліп дайындалады, қаламшада кемінде 4-5 бүршік болуы қажет.
Қаламша отырғызылатын жерді алдын ала мұқият дайындап алу керек, арық тартылып алғаннан кейін бірінші қандырып суғарып алынады.
Арық ішіндегі ылғал мол болу керек және қаламшаны отырғызғанда топыраққа еркін енуі тиіс, қаламшадағы бүршіктер жоғары қаратылып жердің үстінде 1-2 бүршік қалғанша жерге сіңіру қажет.
Қаламшаның жер астына жіберілген 2-3 бүршігі тамырға айналып, үстінгі бүршіктері көктеп шығады. Қаламша егіліп болғанан кейін жедел түрде суғарылу керек, көктеп бой алып кеткенше арықта су үзілмеуін үнемі бақылауға алу қажет.
 Осы талаптар қатаң сақталып жұмыстар жасалса ағаш көшеттерінің сапалы түрде өсіруге болады.
Айгүл БАШЕН,
Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің
Орманды молықтыру орманды өсіру және орманды пайдалану жөніндегі инженері
11 сәуір 2020 ж. 4 143 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 94

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930