Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі ерекше ағаштар

Әлемдегі ерекше ағаштар

Үлкен ағаш бір жылда 10 адам тұтынантын оттегі бөліп шығарады. Бір дана тал транспорт көлігі 40 мың шақырым жүргенде бөліп шығаратын газды өзіне сіңіреді. Қайта өңдеуге берілетін 60 келі қағаз әлемде бір ағаштың өмірін сақтайды. 1 гектар бақ немесе тоғай бір күнде 220-280 келі карбонат ангидрид жұтады да, өзінен 180-220 келі оттегі бөліп шығарады. Бұл ағаштарға қатысты ғылыми қызықты ақпараттар. Енді әлемдегі ерекше ағаштар туралы естіп көріп пе едіңіз. Ағашта қауын немесе шұжық өседі десе әрине сенбейміз. Төменде әлемдегі ең ерекше ағаштар туралы айтып өтетін боламыз.
Май ағашы Грузияда өсетін авакадоны жергілікті тұрғындар "сиыр ағашы" деп атайды. Себебі оның мәуесі тойымдылық жағынан етке тең де қорытылуы жеңіл сарымайдай. Авакадо жемісінің ауырлығы 50-400 грамм болып, өте көп дәрумендер мен май бар.
Сүт ағашы Коста-Рикада, Эквадорда және Латын Америкасының кейбір мемлекеттерінде сырты тегіс, түп-түзу, ұзын бойлы ағаштар көп кездеседі. Оның жапырақтары жыл он екі ай жап-жасыл боп тұратын тропиктік өсімдік. Бірақ мәселе оның жапрырақтарында да жемісінде де емес (мәуесі өте ащы жеуге жарамайды). Бірақ оның сыртын аздап кесіп қойсаңыз сол жерден сүтке ұқсас сұйықтық ағады. Сол үшінде жергілікті жұрт оны "сүт ағашы" деп атайды. Ағаштан бір сағатта 1 литр сиыр сүтіне ұқсайтын "сүт" алуға болады. Бірақ тез қолданбасаңыз қоюланып, дәмі кермек тартып кетеді екен. Қызығы сол ағаш жылдың кез келген мезгілінде сүт бере береді.
Шұжық ағашы Ганада (Африка) әлемнің басқа еш жерінде өспейтін ағаштар бар. Солардың бірі шұжық ағашы болып оны жергілікті халық – "кигелия" дейді. Оның жемісінің сырт көрінісі шұжыққа ұқсайды. Тіпті дәмі де дәл шұжықтікіндей.
Әрі алма әрі жаңғақ ағашы Бразилияның солтүстік шығысындағы ормандарда ғажайып өсімдіктер бар. Соның бірі – "кажу". Ол ағашта бір уақыттың өзінде жаңғақ пен алма піседі. Ағаштың бойы 10-12 метр. Бір маусымда 10-12 келі жаңғақ, 30 келі алма алуға болады.
Қауын ағашы Табиғатта қауын ағашы да бар. Бұл өте тез өсетін тропиктік өсімдік болып 60 метр биіктікке дейін өседі. Мәуесінің салмағы 2 келіге дейін тартады. Сыртқы һәм ішкі көрінісінен де қауынға ұқсайды. XVI ғасырда бұл талды Панамадан Шығысқа апарған. Қазіргі күнде қауын ағашы Америка, Үндістан, Австралияда өседі.
massaget.kz


05 шілде 2018 ж. 5 131 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930