Тал егу – табиғатты аялау

Таң атысымен табиғатты аялауға арналған біркүндікті аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай, “Nur Otan” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан бастап, алғаш болып ағаш өскінін екті. Табиғат жанашырлары сол күннің өзінде Жанқожа батыр кесенесінің маңына 200-ден аса әртүрлі ағаш көшетін отырғызған. Шараны ұйымдастырушылар егілген ағаштар таза ауа беріп ғана қоймай, жақында бірігетін қала мен кент арасындағы жолдың сәнін аша түсетінін айтады.
Бұған дейін Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі осында жерсіндірілген ағаштарды аудан тұрғындарына тарататынын жазған болатынбыз. Бұның негізгі мақсаты таза ауа беретінінен бөлек қасиеттері бар талдарды аудан көлеміне таратып, жасыл желекке орандыру еді. Бұл жолы да еріктілерді ағаш түптерімен аталған мекеме мамандары қамтамасыз еткен. Ал көшеттерді суару мәселесін шешуге “Эко-Сервис-Консалтинг” серіктестігі көмектескен.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ