Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана - Қызылорда - Астана жолаушылар пойыздары шұғыл тоқтатылды

Астана - Қызылорда - Астана жолаушылар пойыздары шұғыл тоқтатылды

Жел мен ылғалдылықты қоспағанда, ауа температурасының минус 35 градусқа төмендеуіне байланысты, Астана «Нұрлы жол» - Қызылорда бағытындағы №92 және кері бағыттағы №91 жолаушылар пойыздары тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№92 пойызы Айса стансасында тоқтатылып, Қарағандыға қайтарылды. Сол жерде жолаушыларға билеттің құны түгел қайтарылады.
Ұлттық тасымалдаушы шұғыл шараларды қарастырып жатыр. Атап айтқанда, жолаушыларды діттеген стансаларына жеткізіп салу үшін №86 Астана - Сарыағаш пойызына жалғанып, кесте бойынша жіберілетін қосымша 6 купе вагоны әзірленді.
Сонымен қатар Қарағанды стансасында тоқтатылған рейс билеттерінің ақшасын қайтарып, №86 Астана - Сарыағаш және басқа пойыздарға билет рәсімдеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Жолаушыларға тегін тамақ беріліп, қалыпты температура режимі сақталып отыр.
Рейстің тоқтатылғаны туралы хабар осы пойыз өтетін вокзалдардың анықтама бөлімдері арқылы және дауыстап хабарланып жатыр.
lenta.inform.kz/

06 ақпан 2019 ж. 1 506 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 596

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 038

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031