Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық күріш экспортқа шығарылуын тоқтатпайтын болды

Қызылордалық күріш экспортқа шығарылуын тоқтатпайтын болды

Еуразиялық экономикалық комиссия дүние жүзінде жарияланған пандемияға орай бірқатар азық-түлік түрлерін осы жылдың 30 маусымына дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен өзге елдерге шығаруға тыйым салғандығы белгілі болды. Оның ішінде күріш те еніп кеткен болатын.

Бұл жаңалық қызылордалық дихандар үшін айтарлықтай проблемаға айналды. Осы ретте, Сыр күрішшілері Кәсіпкерлер палатасына келіп, көмек сұраған болатын.
«Қызылорда облысында сауда орталықтарының қоймаларындағы күріштің қоры 3 мың тонна шамасында. Мұнан өзге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қоймасындағы ақталмаған күріштің көлемі 190 мың тонна, яғни 90 мың ақталған күріш бар деп айта аламыз. Мұндай қормен ішкі нарықты толық, тіпті артығымен қамти аламыз. Біздің облыстағы ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері осы жылдың күз мезгіліне дейін үшінші елдерге экспортқа күріш жеткізіп беру үшін алдын ала ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойып қойған. Бұл саладағы кәсіпкерлеріміздің негізгі табысы экспортқа тәуелді. Сондықтан да біз «Атамекеннің» орталық аппаратына ұсыныс жібердік. Өз кезегінде Орталық аппарат шұғыл тиісті министрліктерге шығып, кәсіпкерлердің проблемасын жеткізді. Нәтижесінде, қазақстандық күріш экспортқа кедергісіз шығатын болды», – дейді Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жасұлан Серіков.
«Енді Сырдың күрішін экспортқа шығармайтын болыпты» деген хабарды естіп біраз қиналып қалған едік. Себебі жүздеген мың адамның айлығы, ризығы соған тікелей байланысты, соны түсінген кәсіпкерлер палатасы дер кезінде тиісті, құзырлы орындарға шығып, хабарласып ол бұйрықтың күшін жоюға үлкен көмегін тигізді», – дейді «Абай-Дәулет» ЖШС директорының орынбасары Марат Сәрсенбаев.

02 сәуір 2020 ж. 710 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 148

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 152

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031