Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Карантин жағдайында қалай онлайн білім алуға болады?

Карантин жағдайында қалай онлайн білім алуға болады?

16 наурыздан бастап барлық білім беру мекемесі онлайн режимге көшті. Білім және ғылым министрлігі каникул уақытында және карантин жағдайында білім алуға болатын ресурстарды ұсынады.
Барлығына
Coursera – жаппай онлайн білім беру саласындағы жоба.
Khan Academy – коммерциялық емес білім беру ұйымы, ол оқушылар үшін ашық әрі тегін ресурс ұсынады.
Оқушыларға
Bilim media Group – 40 мыңнан астам материал шоғырланған білім беру контенті бар база.
Daryn Online – мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сай жасалған бағдарлама.
Opiq интерактив ресурсы – мектеп оқулықтары жүктелген эстониялық жоба. Оқулықтың басым бөлігі “Алматыкітап” баспасына тиесілі. Келешекте басқа кітап баспалары да қосылады деген жоспар бар.
iTest – ҰБТ-ға дайындалуға арналған виртуал тренажер.
100ballov.kz – оқушылар мен студенттерге арналған білім беру порталы.
NIS Play платформасы
STEM аcademia – оқушылар көп пайдаланатын білім беру бағдарламасы.
Makeathon платформасы
IMektep – бастауыш класс оқушыларына арналған платформа.
Колледж студенттеріне
Atameken Academy – кәсіпкерлерге білім беретін платформа. Онда бизнестің дамуына байланысты тегін көмек көрсетеді. Платформадан видео дәрістермен қатар түрлі конкурс туралы ақпарат алуға болады.
Жоғарғы оқу орны студенттеріне
Moodle – курсты басқару жүйесі, сонымен қатар оқытуды басқару жүйесі немесе виртуал оқыту ортасы. Еліміздің жоғары оқу орындары осы ресурсты пайдаланады.
Rmeb.kz – республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрон кітапхана.
“Қазақстан тарихы” платформасы
“Қарапайым математика” платформасы
Blended learning платформасы
baribar.kz
18 наурыз 2020 ж. 1 024 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031