Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда оқушыларға телеарналар арқылы сабақ өту ұсынылды

Қазақстанда оқушыларға телеарналар арқылы сабақ өту ұсынылды

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі осы мәселе бойынша жұмыс тобы құрылғанын, әлі нақты шешім қабылданбағанын айтты. Елімізде 6 сәуірден бастап мектеп оқушыларына сабақтар телеарна арқылы өткізілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін "Қазақстан" ұлттық арнасының "Ашық алаң" бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бағдарлама жүргізушісі Мақсат Толықбайдың айтуынша, "Балапан" мен "Ел арна" телеарнасы онлайн сабақ өтуге дайындалып жатыр.
"6 сәуірден бастап "Балапан" және "Ел арна" телеарнасы 11-сыныпқа дейін онлайн сабақ өткізуге дайын және жұмысын бастайды. "Балапан" арнасында қазақ тілінде, "Ел арнада" орыс тілінде сабақ өтеді", - деді Мақсат Толықбай.
Ал білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі осы мәселе бойынша жұмыс тобы құрылғанын, әлі нақты шешім қабылданбағанын айтты.
"Жұмыс тобы құрылды. Телеарна арқылы сабақ өткізу вариант ретінде қарастырылып жатыр, нақты шешім қабылданған кезде хабарланады", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.
Бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook парақшасында телеарналар арқылы сабақ өткізуге дайындық жүріп жатқанын жазды.
"Телеарналар арқылы сабақ өткізуге дайындалып жатырмыз. Онда бейне-сабақтар сабақ кестесіне сай көрсетілетін болады. Бұл тетік, әсіресе, интернет қуаты әлсіз және қажетті құрал-жабдықтарға қатысты қиындықтары бар ауылдық білім беру ұйымдары үшін өзекті", - деп жазды министр.
Сонымен қатар министр мұғалімдер мен оқушылардың цифрлы сауаттылығын дамыту үшін арнайы курстар өткізілетінін хабарлады.
"Қазірдің өзінде мұғалімдер үшін цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша біраз видео дәрістер әзірленді. Инклюзивтік білім беру, жаңа технологиялардың қолжетімділігіне қатысты принциптер ескерілетін болады", - министр.

20 наурыз 2020 ж. 1 579 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031