Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақын атындағы бөлме

Ақын атындағы бөлме

Қазақтың сөзін Абайдан бастап, ойын сонымен сабақтауында да терең мән бар. Тарихтың талай-талай қиын кезеңдерінде ол өз халқының адастырмас темірқазығы, алжастырмас бағдаршамына айналды. Қандай қысылтаяң, нендей келеңсіз кезеңдерде де ұлағаты жұртының табанын тайғызған, жігерін жасытқан жоқ. Сасқалақтағанда сабыр, тоқырағанда тоқтам тауып берді. Заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың Парижде өткен Абай күндерінде: «Ұлттық мәдениеттердің өрісі тарылып, ұлттық тілдер жойылуға бет бұрған советтік дәуірде Абай қазақтың тілін де, рухын да сақтап қалды», – деуі де сондықтан.
Жақында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейде рухани жәдігерлері мен әдеби мұралары жинақталған арнайы бөлме жасақталып, ашылу рәсімі өтті. Салтанатта білім шаңырағының ұйымдастырушы педагогі, тарих пәні мұғалімі Ғабит Бәймішев игі іске сәттілік тіледі.
Шара қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі ұйымдастырған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты әдеби-сазды кешке ұласты. Онда ақын өмірі жайлы сахналық көріністер қойылды. Шәкірттер мен мұғалімдер өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.
Кеш барысында мектеп директоры Сейілхан Бердібекұлы сөз сөйлеп, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы толғамды ойларын ортаға салды.
Сағыныш ӨТЕУЛИЕВА,
№266 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
22 ақпан 2020 ж. 1 269 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 39

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 33

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31