Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқынынан сақтаныңыз

Су тасқынынан сақтаныңыз

Қазалы аудан аумағы су тасқыны болып тұратын өңірге жатады. Ол көбіне қыс- көктем мезгілінде Сырдария өзеніне көп судың келуі арнасынан шығуы, қардың еруі, қатты нөсірлердің жаууы сияқты табиғи факторларға байланысты.
Қыс-Көктемгі су көтерілу негізінен, болжалатын құбылыс болғандықтан, алдын ала қажетті шаралар алып, үлкен зиянға ұшырмауға мүмкіндік береді. Су тасқынын алдын алу шараларының бірі елді мекен, жеке аула ішіндегі қарды шығарып, арықтармен су жүретін құбырларды уақытылы қардан, қоқыстан тазарту.
Судың нөсір жаңбырдан немесе қар еруінен күрт көтерілуін анықтау қиын. Су қоймаларының ықпалымен өзендердің арнасынан шығып кетуін болжау одан да қиынырақ. Ал бөгеттер мен плотиналарды шайып кететін тасқын судың әрекетін білу мүлде мүмкін емес.
Сондықтан да облыс, республика көлемінде қардың қалың түсуінен қыс-көктемгі еруде ауданымыздағы лай су шайып кету аймақтарының қауіпсіздігі бақыланып, алдын алу шаралары ұйымдастырылуда.
Аудан тұрғындары мен аумақтарын 2020 жылғы қыс-көктемгі су тасқынынан қорғау жұмыстары жөніндегі іс-әрекеттерді басқару және үйлестіруге аудан мекеме басшыларынан штаб құрылып, іс-шаралар жоспары жасалды.
Су тасқыны қаупі бар елді мекен тұрғындарына келесі кеңесімізді береміз. Су жақындаған жағдайда газ, су, электр жүйелерін ажыратыңыз; пештегі отты сөндіріңіз; жоғарғы қабаттар мен шатырларға құнды заттар мен киімдерді шығарыңыз; есік-терезені бекітіңіз; қажет болса төменгі қабаттардағы есік-терезелерге жұқа тақтайша қағып тастаңыз.
Егер көшіру туралы ескерту алынса, алдымен жылы әрі қолайлы киімдерді, етікті, ақша мен құнды заттарды әкетуге әзірленген жөн. Алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету қобдишасын және дәрі-дәрмекті ұмытпаңыз. Төлқұжат пен басқа да құжаттарды су өтпейтін пакетке ораған дұрыс. Өзіңізбен бірге төсек жабдықты да алғаныңыз жөн.
«От пен су – тілсіз жау» деген, сондықтан әркім өзінің айналасындағы болып жатырған немесе болуы мүмкін жайттарға бейжайлық танытпай, қырағылықпен қараса дейміз. Су қаупі төнген кезде төмендегі телефондар арқылы хабарлансын: тәулік бойы Қазалы ауданының №9 ӨСБ-нің жедел кезекшісіне 23-00-1, 101, 112.
Күндіз: штаб телефоны 22-1-51.
Ш.ЕРМЕКБАЕВ
Қазалы ауданының ТЖ бөлімінің аға инженері,
азаматтық қорғау капитаны

21 ақпан 2020 ж. 1 261 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930