Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа аумаққа ауызсу жеткізілді

Жаңа аумаққа ауызсу жеткізілді

«Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырын пайдаланушы Қазалы филиалының №1 насос стансасынан Әйтеке би кентіндегі жаңадан тұрғын үйлер салынған 2 квартал аймағына ­ауызсу берілді.
Әйтеке би кентінің осы бөлігінен 2017 жылы тұрғындарға 56 гектар жер бөлінген еді. Қазіргі таңда мұнда 80-ге жуық үй бар. Бұдан бұрын жол салынып, электр жарығы мен газ желісі жүргізілген. Шешімін таппаған тек ауызсу ғана болатын. Бүгінде республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, ауызсу сервистік желіге қосылды.
Осы аумақтың тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Мұрат Ергешбаев халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
– Күнделікті тұрмыста сапалы ауызсуға қолжетімділіктің маңызы зор. Сондықтан бұл мәселені біз күн тәртібінен түсірген емеспіз. Бұл күндері аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендерге дейін су желісі тартылып, тұрғындар сапалы ауызсумен қамтамасыз етілген. Енді біртіндеп барлық ауылдарды сервистік желіге қосудың мүмкіндігін қарастырамыз. Өткен жылы Ү.Түктібаев ауылы мен «Жалпақ» елді мекені сервистік желіге қосылды. Енді бізде осыған мұқтаж 3 елді мекен қалды. Бұған тиісті құжаттар дайындалып, қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім тапсырылған, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.
Мұнан соң аудан басшысы бір топ тұрғындармен бірге Әйтеке би кентіндегі жаңа аймаққа ауызсудың жіберілу салтанатына қатысып, көпшілікті қуанышымен құттықтады.
“ҚАЗАЛЫ” ақпарат
11 ақпан 2020 ж. 1 048 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 123

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031