Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жалпақтағы" сервистік су желісі

"Жалпақтағы" сервистік су желісі

Аудан орталығынан шалғайдағы Ақжона ауылдық округіне қарасты «Жалпақ» елді мекеніне сервистік су желісі тартылып жатыр. Бұл жаңалықты естіген ауыл халқының қуанышында шек жоқ. Аудан басшылығы небәрі 9 үй ғана болса да назардан тыс қалдырмай, қарапайым адамдардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға көңіл бөлуде.

– Көптен бері қордаланған мәселенің шешімін тапқанына тұрғындар дән риза. Алақандай ғана ауылда тұратын адамдардың негізгі тірлігі – мал шаруашылығы. Сондықтан да тіршілік көзі саналатын су тұрғындарға қажет. Бұған дейін біршама қиыншылықтарды көрді. Енді аз уақыттан кейін аудан орталығынан алыс орналасқан жалпақтықтар да ауызсуды үй­дің ішінен алып, машақаттан құтылады. Жалпақтан кейін Ақ­жона ауылдық округінің орталығы Майдакөлге де сервистік су желісі тартылады деп жоспарланып отыр, – дейді ауылдық округ әкімі Нұркен Сералиев.
Бүгінгі күні аталған жобаның құрылыс жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жеңімпаз мекеме “РЗА” АҚ тарапынан жүзеге асырылуда. Осы аптаның басында басталған құрылыс жұмыстары 1,5 айдың ішінде аяқталып, барлық үйге ауызсу жеткізіледі.
– Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен емес. 2018 жылы 2 ауылға сервистік желі тарту жұмысы басталып, Басықара ауылы толық қосылды. Ал Ү.Түктібаев ауылын сервистік желіге қосу жақын күндері шешімін табады. Қазіргі таңда ауданда сервистік желі тартылмаған 4 елді мекен қалды. Олардың қатарында Жанқожа, Жалпақ, Майдакөл, Бек­арыстан би ауылдары бар. Бүгінгі күні Жалпақ ауылына ауызсу тарту жұмыстары жүргізілуде, – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар кө­лі­гі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әліби Әбиев.
Сондай-ақ, бөлім басшысы Бекарыстан би, Жанқожа батыр және Майдакөл ауылына тұрғын үйлердің шекараларына дейін ауызсу құбырын жеткізіп беру үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуге жоба дайындалып, республикалық, облыстық бюджетке ұсынылғанын жеткізді.
Бұл дегеніміз, жақын күндері біздің аудандағы барлық елді мекен сервистік су желісіне қосылып, қазалылықтар ауызсуды көшеден тасып ішуді ұмытады деген сөз.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
25 мамыр 2019 ж. 1 964 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031