Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бек Эйр» әуе компаниясының жұмысындағы кемшіліктер анықталды

«Бек Эйр» әуе компаниясының жұмысындағы кемшіліктер анықталды

«Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ 2019 жылдың 27 желтоқсанында ұшағы апатқа ұшыраған «Бек Эйр» әуе компаниясының пайдаланушы және ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтатты.

Бұл шешім әуе компаниясында соңғы үш жылда екі ірі апаттың орын алуына байланысты қабылданды. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде жиналған ұшу сағаттарының болжамды санына сүйене отырып, қауіпсіздік орын алу мәселелерінің жиілігі әуетасымалдаушы үшін қауіпсіздіктің рұқсат етілген деңгейінен айтарлықтай жоғары болғанын көрсетеді. Сертификаттардың қолданылуын уақытша тоқтату нәтижесінде «Бек Эйр» әуе компаниясының қолданыстағы пайдаланушы сертификатын мұқият тексеру басталды, сондай-ақ тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды.


Атап айтқанда, Қазақстан авиациялық әкімшілігі «Бек Эйр» әуе компаниясын тексеру барысында ұшу жарамдылығына қатысты екі негізгі мәселені анықтады. Біріншіден, әуе компаниясының толық және тиісті есеп жүргізу арқылы әуе флотының ұшу жарамдылығын қолдауды бақылай алмағаны анықталды. Техникалық журналдардағы мәліметтер, құрамдас бөліктерді бір ұшақтан екінші ұшаққа ауыстыру процесінің елеулі көрсеткіштеріне сәйкес келмейді.

Есептерге сәйкес, «Бек Эйр» үнемі бір ұшақтың құрамдас бөліктерін алып, басқа ұшаққа орнататындығын көрсетеді. Бұл іс-әрекеттер агрегаттардың жұмыс істеуін есепке алу туралы, сондай-ақ әуе компаниясының қаржыландырудың жеткіліксіздігінен қосалқы бөлшектер алуға қабілетсіздігі немесе ескі ұшақтар үшін қосалқы бөлшектер алудың күрделілігі туралы мәселелерді туындатады.

Сонымен бірге, анықталған тағы бір өрескел кемшілік — бұл сағаттар мен циклдарды қадағалау үшін сериялық нөмірлер туралы ақпаратты көрсететін деректер кестелерін алып тастау. Бұл қозғалтқыштарды сәйкестендіру бұдан былай тексерілуі мүмкін емес және қозғалтқышқа тіркелетін сағаттар мен циклдар бұдан былай расталуы мүмкін емес дегенді білдіреді.

Аталған мәселе бірнеше қозғалтқыштарда бары анықталды, бұл «Бэк Эйр» әуе компаниясы пайдаланатын барлық авиациялық қозғалтқыштарға күмән тудырады.

Сонымен қатар, Fokker-100 ұшақтарының қозғалтқыштарын өндіруші Rolls Royce компаниясы осы ұшақтар Қазақстанда қолданысқа түскеннен бастап, оларға аталған қозғалтқыштардың күрделі жөндеуі туралы ақпарат түспегенін хабарлады.

Сондай-ақ, Rolls Royce «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ға деректер кестелерін алуды талап ететін рәсімдер жоқ екенін және Rolls Royce ешқандай жағдайда қолданыстағы қозғалтқышпен бұл әрекетті жасауға рұқсат бермейтіндігін хабарлады.

«Бек Эйр» әуе компаниясынан түзету іс-қимылдары жоспарын әзірлеу кезінде «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ компоненттердің барлық ауысуларын көрсететін, ұшақтарда сақталатын жазбаларды дұрыс сәйкестендіру мәселесіне баса назар аударылатын болады деп күтуде. Қозғалтқышты сәйкестендіру әуе компания қандай қозғалтқыштар екенін және сериялық нөмірлері бар барлық жазбалардың дұрыс екенін дәлелдей алатындай етіп жүргізілуге тиіс.

Ұшу жарамдылығының екінші негізгі мәселесі бір ұшақтан екіншісіне агрегаттардың ауысуының елеулі саны, сондай-ақ оларды басқаруға қажетті инвентарлық бақылаудың болмауы. Бұл процесс тиісті түрде бақыланбайды, бұл әуе компаниясының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі мәселелерді одан әрі зерттеуді талап етеді.

Сондай-ақ ELT статусы (авариялық радиомаяк), жүк бөліктерінің өртке қарсы қорғанысының жетіспеушілігі, құтқару кеудешелері және т. б. сияқты көптеген бұзушылықтар бар. Мұның бәрі «Бек Эйр» түзету іс-әрекеттері бойынша жоспарында ескерілуі тиіс.

Жалпы алғанда, ол ұшақтардың шыққан жылына, сондай-ақ ұшуға жарамдылығын сақтау рәсімдерінің жағдайына байланысты флоттың жағдайы қанағаттанарлықсыз деп бағаланады. Бұл бұзушылықтардың кең тізімімен қатар, түзету іс-қимылдары жоспары қабылданғанға дейін ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қалпына келтірілмейтіндігін растайды. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы тиісті деңгейде болуына кепілдік беру үшін түзету іс-қимылдар жоспарының жеткілікті элементтері мен мерзімі Қазақстан авиациялық әкімшілігіне ұсынылып, келісіліп, толтырылуы қажет.

Әуе компаниясының әуе кемесін ұшуда пайдалануына қатысты анықталған бұзушылықтар тізбесі де әсерлі. Бек Эйр қызметкерлерін даярлау мәселесі ерекше алаңдаушылық туғызады, өйткені құжаттаманы тексеру қауіпсіздік бойынша оқытуға және оларды компаниядағы есепке алуға қатысты елеулі қауіптер туралы куәландырады. Жазбалар жеткілікті түрде толық көрсетілмеген немесе олардың сенімділігіне күмән тудыратын елеулі ауытқулар бар екені анық. Барлық экипаждардың әуе кемесін дұрыс пайдалануға тиісті түрде үйретілгендігін көрсететін оқу-жаттығу жүйесін және есепке жүргізуді жақсарту шараларын қабылдау қажет.

Алматы әуежайындағы бейне көрсетілімдерді зерттеу барысында «Бек Эйр» әуе кемесінің ұшақтарын ұшуға дайындайтын экипаждардың, әдетте, әуе кемесін пайдалану нұсқаулығында талап етілгендей қанатын айналып өтпейтіндігі немесе тексермегейтіндігі анықталды.

Fokker 28-100 ұшағын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұшақтың қанаты әрбір ұшудың алдында тексерілуі тиіс және осы типтегі ұшақтар үшін нұсқаулықта бұл тексерудің қалай орындалуы тиіс екендігі көрсетілген.

Бұл процедура 1993 жылы Македониядағы Скопьедегі апаттан кейін ұшу жарамдылығы туралы директива ретінде енгізілді. Қанатты жоғарғы бетіндегі, төменгі бетіндегі және қанаттың алдыңғы бөлігіндегі алдыңғы жиектің бойымен үш нүктеде тактильді (қолмен) тексеру қажет. Нұсқаулықта егер онда мұз болса, қанатты тазарту керектігі көрсетілген. «Бек Эйр» ұшақтарын дайындаудың зерттелген бейнежазбаларынан бұл тексеру жүргізілмегенін көруге болады.

Оқу-жаттығулар туралы есептерде әуе кемесінің қысқы пайдалануға дайындық жүргізілгендігі туралы мәліметтер жоқ, сонымен қатар үлгідегі ұшақтардың экипаждары мұздану қаупін басқаруға дайындалғанын көрсететін жаттығу бағдарламасы жоқ. Қазақстанда қысқы кезеңде әуе кемелерін пайдалану сипатын ескере отырып, бұл қауіпсіздіктің маңызды мәселесі болып табылады. Бұл әуе компаниясының тәуекелдерін бағалауды қамтитын қауіпсіздікті басқару жүйесімен байланысты. Қауіпсіздікті басқару жүйесі — бұл қауіпсіздіктің белсенді құралы және дұрыс пайдалану кезінде жұмысты айтарлықтай жақсарта алады. Қазіргі уақытта «Бек Эйр» АҚ тексеру жұмыстары жалғасуда. Ол аяқталғаннан кейін «Бек Эйр» АҚ 10 күн ішінде барлық бұзушылықтарды жою үшін «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ-на түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуы тиіс. Егер бұзушылықтар 6 ай ішінде жойылмаса, пайдаланушы сертификаты мен ұшу жарамдылығы сертификаттары кері қайтарылып алынады. Бұл әрекеттер аяқталғанша, сертификаттардың қолданылуы белгісіз мерзімге тоқтатылды.


21 қаңтар 2020 ж. 565 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930