Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "7-20-25" бағдарламасы бойынша 10 мыңнан аса қазақстандық қарыз алды

"7-20-25" бағдарламасы бойынша 10 мыңнан аса қазақстандық қарыз алды

Ерболат Досаев атап өткендей, жылдық инфляция біздің күтуімізге сәйкес қалыптасуда және қазанның қорытындысы бойынша 5,5 пайыз болды.

Ақылы қызметтерге баға мен тарифтердің өсуі тарихи ең төмен деңгейде қалуда - жылдық көрсетуде 0,8 пайыз. Реттелетін қызметтерге тарифтер қазанда жылдық көрсетуде 7,7 пайызға төмендеді.

Жыл соңына дейін инфляция деңгейі 5,7-5,8 пайыз, яғни 4-6 пайыз таргеттелетін дәлізде бағаланады.

"Осы факторларды ескере отырып, Ұлттық Банк 28 қазанда базалық ставканы 9,25 пайыз деңгейде және +/- 1 пайыздық тармақ дәлізде сақтады. Ақша-кредит саясаты шаралары шеңберінде Ұлттық Банк айналыстағы ноттар көлемін мамыр-қазан аралығында 30,1 пайызға 4,3 триллион теңгеден 3,0 триллион теңгеге дейін қысқартты. Нәтижесінде банктер артық өтімділікті кредиттеуге және экономиканы басқа қаржыландыруға қайта жіберді", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Алдын ала қорытынды бойынша, 9 айда төлем балансы ағымдағы шотының дефициті өсіп, 2018 жылғы 9 айдағы 1,8 миллиард доллармен салыстырғанда 4,7 миллиард доллар құрады.

Тікелей шетелдік инвестициялардың таза әкелінуі өткен жылғы көрсеткіш деңгейінде қалыптасып, 5,1 миллиард доллар болды. Ол бейрезиденттердің кірістерін қайта инвестициялаумен және резиденттердің шетелдік еншілес ұйымдарынан капиталын қайтаруымен қамтамасыз етілді.

Портфельдік инвестициялар бойынша капиталдың таза әкетілуі 13,0 пайызға азайып, 2019 жылғы 9 айда 2,6 миллиард доллар болды. Капиталдың әкелінуі Қаржы министрлігінің 3-тоқсанда 1,15 миллиард еуроға еурооблигациялар шығарумен және "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-тың жаһандық депозитарлық қолхаттарын сатумен қамтамасыз етілді.

Ерболат Досаевтың айтуынша, несиелендірудің өсуі артып келеді екен.

"Жыл басынан бері жалпы кредиттік портфель қыркүйектің соңында 2,3 пайызке 13,4 триллион теңгеге дейін өсті. 1-тоқсанда банктерді қалыпқа келтіру нәтижесінде жұмыс істемейтін қарыздар есептен шығарылған соң сәуір-қыркүйекте кредиттеудің өсуі 7,4 пайыз немесе 921,8 миллиард теңге болды", - деді Досаев.

  Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі 1,7 пайызға немесе 121,7 миллиард теңгеге өсті. Жеке тұлғалардың кредиттік портфелі 14,7 пайызға немесе 800 миллиард теңгеге өсті. Ұзақ мерзімді кредиттер қыркүйек қорытындысы бойынша 11,4 триллион теңге, қысқа мерзімді кредиттер 2 триллион теңге болды.

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 7 қарашадағы жағдай бойынша 10 676 отбасы 122,8 миллиард теңге сомаға қарыз алды.

  Экономиканың басым салаларын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын (600 миллиард теңге) іске асыру жалғасуда. 1 қарашадағы жағдай бойынша банктерде 248,3 миллиард теңгеге 393 жоба қаралуда, 142,3 миллиард теңгеге 224 жоба мақұлданды, 55,5 миллиард теңгеге 147 қарыз берілді.

12 қараша 2019 ж. 725 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930