Кедейлерге неге несие берілмейді?
Ерболат Досаев Алматыда өткен брифингте табысы тұрмысы төмен отбасыларға қарыз беруді шектеуді көздейтін жаңа өзгерістерді енетіні туралы айтты.
Бас банкирдің айтуынша жалдық инфляция деңгейінің ықпалымен Ұлттық банк базалық мөлшерлемесі 9,25 % деңгейінде қалдырылған. Сондай-ақ ішкі нарықтағы іскерлік белсенділік пен мұнай бағасының шарықтауы, Еуроодақ, Қытай, Ресейдің Орталық банктерінің мөлшерлемені төмендетуі де өз әсерін тигізген. Осы мәселелірді негізге алған Ұлттық банк ұзақмерзімді экономикалық дамуды болжауда құнды қағаздар бойынша табыстылықты арттыруда инвестициялық саясатты өзгертуді жоспарлаған.
Ерболат Досаев көп пайызбен онлайн қарыз беретін қаржы ұйымдарының мәселесін де қарайтынын айтты. Сонымен қатар төраға тұрмысы төмен отбасыларға несие беруді шектеу туралы сұраққа түсініктеме берді.
– Олар қазіргі уақытта мемлекет тарапынан жәрдемақы алады. Атаулы әлеуметтік көмекке ие. Бірақ қарыздары да қарқынды өсіп жатыр. Тұрмысы төмен отбасыларға қарыз беруді шектеуді көздейтін жаңа өзгерістерді жақында енгіземіз. Бұл бастама жаңа жылға дейін қолдау тауып жатса осы жұмысты аяқтауға тырысамыз, – деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы өз сөзінде.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат