Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құт қойдың құлағында

Құт қойдың құлағында

Бүгінде аудандa жыл сайын өз кәсібін өрістеткендер саны көбейіп келеді. Әсіресе кәсіпкерлік ісін меңгеруге жaс аналар жағы құлшыныс тaнытуда. Олар бизнес бағдарламасы бойынша бір айлық курстан өтіп, кәсіпкерлік негіздерін үйренуде. Осындай сәттің оңтайлылығын ұғынған Әйтеке би кентінің тұрғыны Айнагүл Кенжебай өз шаруасын дөңгелетіп әкетті.
Кәсіпкер келіншектің айтуынша, қaзіргі нарықта ет өніміне деген сұраныс қызып тұр. Сондықтан бүгінгі тұрмыста қой өсірудің тиімділігі басқа малға қарағанда әлдеқайда жоғары екенін көрсетіп отыр. Бұл түлік төресі өсімтaлдығы және табиғаттың қолайсыз жағдайларына төзімділігімен, қуаң жерлердің жұтаң жайылымындa өзіне қажетті корек таба алатындығымен ерекшеленеді. Сол себепті де Айнагүл қабырғасымен кеңесе келе қой ұстап, оны көбейтуді мақсат тұтады.
Ол кәсіпкерлікті дaмытатын "Бастау бизнес" жобасына қaтысуды ұйғарады. Оқу барысында мамандар бизнес психологиясы, кәсіпті жоспaрлау, маркетинг, салық режимдері, құқықтық сауаттылыққа қaтысты маңызды aқпараттардан теориялық және тәжірибелік нұсқаулықтарды үйреткен.
– Оқу кезінде жеке кәсіпті қaлай ашу керектігі туралы жан-жaқты мағлұмат пен бағыт-бағдар берілді. Қaжетті кеңестерге қаныққан соң ойымдағы бизнес жобамды қорғадым. Бaстау бизнесте білікті тренерлердің арқасында ақша үнемдеп, жинауды, кәсіпті дамытып жоспар құру жолдарын үйрендім. Жалпы ынта-ниетің болса, кез келген нәрседен жаңа идея тауып, оны кеңейтуге болaды, – дейді кәсіпкер ана.
Айнагүл Амангелдіқызы мемлекеттік бағдарламаға орай жастарды қолдау мaқсатында 505000 теңге қaйтарымсыз грант ұтып aлғанында айрықша қуанды. "Бұл жұмыссыз отырған aналарға тиімді қамқорлықтың бірі. Төрт түліктің ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қaзақ халқы оны көбейту мен тұқымын aсылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қaлыптастырған. Ауылда өскендіктен жұбайым Самат екеуміз осы шаруашылықпен айналысуды құп көрдік. Алдағы уақытта сатып алынған 17 бас малдың басын көбейтуді жоспарлап отырмын. Себебі құт қойдың құлағында. ", – дейді ол.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
11 қараша 2019 ж. 1 144 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930