Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қой өсіру – берекелі іс

Қой өсіру – берекелі іс

Жұмыспен қамту деңгейін көтеру арқылы әл-ауқатты арттыруға ықпал ету мақсатында ауданда біршама шаралар рет-ретімен іске асуда. Осыған орай «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды қолдаудағы микроқаржы ұйымдарының несие беру қызметіне жүгінгендер қатары көбеюде.
Соның ішінде «Игілік» несиелеу бағдарламасы мал шаруашылығымен айналысқысы келетіндер үшін тигізер септігі мол. Осындай мемлекет тарапынан кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мүмкіндігін пайдаланған Заманбек 133 қойды күтіп-баптауда. Ол «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан қой басын көбейту үшін 6 процентпен 4 миллион теңге алды. Жас кәсіпкерге негізгі борышты өтеу бойынша 2 жыл жеңілдетілген мерзім берілді. Бұл қаражатқа 5 қошқар мен 128 аналық қой алды. Қазір мақсатшыл жігіт Жанқожа батыр ауылы маңында ЖК “Заманбек” шаруа қожалығын басқарып отыр.
“Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл-көсір” деген қазақ төрт түліктің ішіндегі Шопан ата төліне аса мән беріп келген. Көп күтімді қажет етпейтін, жүнінен түрлі тұрмыстық бұйымдар жасалатын, еті жеңіл әрі сіңімді болып келетін малды отар-отарымен ұстаған. Сол дәстүрді қолға алған Заманбек Молдаш бірер жылда үш жүз басқа жеткізуді мақсат тұтуда.
– Қарапайым ауыл тұрғындарын қолдауға арналған осындай бағдарламалардың бары өте тиімді. Кез келген мерекеде, тіпті үйге көптен күткен қадірлі қонақ келсе де, қой сойылып, басын тарту ететін қонақжай қазақ шаңырағы оны сатып алуға тырысады. Ал кәсіпкер үшін бұл нәпақа көзі. Өз шаңырағыңда да той-думан бола қалса, ет іздеп, әуре-сарсаңға түспейсің. Бұл түлік жылына екі төлдейтіндіктен тез көбеюге бейім келеді, – дейді кәсіпкер.
Заманбек Панабекұлының айтуынша, бала кезден ауылда төрт түлік ұстаған. Сондықтан оның жайын жақсы түсінеді. Мал бағып, қадағалау атадан балаға беріліп келе жатқан пайдалы мұра болғандықтан әкесінің кеңесімен “Бизнес бастау” оқу курсына қатысады. Ондағы ойы – кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, заманауи алған білімін өмірлік тәжірибеде қолдану. “Қазақ қойды байлыққа, жылқыны сәндікке теңеген. Соған сәйкес “Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақжаулық, үшінші байлық – он саулық” деген ұғым қойға қатысты айтылған. Он саулықтың басын құрайтын кәсіптің иесі болу кез келгеннің қолынан келеді. Ойын-сауық өтеді де кетеді. Жас кезде күш-қуатыңды дұрыс бағытта жұмсаған естірек деп ойлаймын. Өзіңе пайдалы іспен айналысып, ел дамуына үлес қосқан абзалырақ деп түйдім”, – дейді Заманбек.
Бүгінде нарықта етке деген сұраныс қызып тұр. Қой өсірудің экономикалық тиімділігі басқа мал шаруашылығына қарағанда әлдеқайда жоғары. Осыны терең түсінген іскер жігіт алдағы уақытта отбасылық кәсібін үлкейтуді көздеп отыр.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

12 қазан 2019 ж. 1 828 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930