Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық білім халықаралық рейтингтерде нешінші орында?

Қазақстандық білім халықаралық рейтингтерде нешінші орында?

Білім және ғылым министрінің айтуынша, Қазақстан 2017 жылдан бастап білім беру және инновациялық саясат жөніндегі ЭЫДҰ комитеттерінің мүшесі атанған. IMD жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде «Білім» субфакторы бойынша әлемнің 64 елінің арасында Қазақстан 26-шы орында. Осы рейтингтің 20 көрсеткішінің бестігінде Қазақстан бірінші орында тұр.

2019 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде «Дағдылар» факторы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінде 57-орынға ие болды. Сондай-ақ, 2019 жылы WorldSkills International халықаралық байқауында біздің құрама 14 орынды иеленді. 

«Егер PIRLS зерттеуінде мәтінді түсіну және оқу сауаттылығы бойынша біздің оқушылар 27 орында болса, TIMSS зерттеуіндегі математика және жаратылыстанудан академиялық білім бойынша мықтылардың бірі және көшбасшы елдердің ондығына кіреді. PISA-2018 нәтижелері осы жылдың желтоқсанында белгілі болады», - деді Асхат Аймағамбетов. 

PIRLS, TIMSS, PISA әр түрлі білім салалары мен түрлі жас ерекшеліктері үшін сауаттылық көрсеткіштері болып табылады. Егер, PIRLS бастауыш сынып оқушыларының сабақ үстінде оқыған материалды пайдалана білу қабілетін көрсетсе, TIMSS жаратылыстану-ғылыми және математикалық білімнің сапасын өлшейді. PISA жасөспірімдердің дағдыларын бағалайды. 

2018 жылы Қазақстан TALIS халықаралық зерттеуіне алғаш рет қатысты. Бұл мектептердегі мұғалімдерді, директорларды және білім беру ортасын зерттеудің ең ауқымды түрі. Зерттеу нәтижелерін ЭЫДҰ елдерінің нәтижелерімен салыстыруға болады, кейбір позицияларда артықшылықтары бар. Мысалы, қазақстандық мұғалімдер ЭЫДҰ елдерінің көптеген мұғалімдерінен 3 жылға жас, орташа жасы-41 жас. ЭЫДҰ елдерінде-44.

Қазақстан ең жас директорлары бар топ-7 елдің қатарына кіреді. Мұғалімдердің 86% –ы кәсіби даму олардың оқытушылық практикасына оң әсерін тигізгенін айтты (ЭЫДҰ-82%).
21 қазан 2019 ж. 741 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 80

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 81

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 66

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930