Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Визасыз 76 елді аралай аласыз

Визасыз 76 елді аралай аласыз

Жаңартылған Henley & Partners паспорты индексінде Қазақстан 69-орында тұр. Бірінші орында Жапония елі.
Индексте 2018 жылдың төртінші тоқсанында Жапонияның паспорты ең «мобильді» екені көрсетілген. Бұл Индекстегі ең жоғарғы рекордтық көрсеткіш, деп жазады Zakon.kz.
Үш ай бұрын Жапония мен Сингапур бірінші орында тұрды. Жапондар Мьянмаға визасыз кіре алатын болғандықтан, бірінші орынға шықты. Сингапур екінші орынға түсті. Бұған дейін көш бастап тұрған Германия үшінші орында. Оңтүстік Корея мен Франция да осындай көрсеткішке ие. Төртінші орында Дания, Италия, Испания, Финляндия, Швеция елі тұр.
Қазақстан үш айда үш сатыға, 69-орыннан 66-орынға түсті. Бұған тізімдегі өзге елдердің орны ауысқаны себеп. Қазақстан 76 елге визасыз бара алады. Намибия елінің паспортында да осындай көрсеткіш. Жыл басында Қазақстан 71 елге визасыз бара алды.
Ресей тізімде 47-орында, Әзірбайжан 75-орында. Өзбекстан 82 орында.
Бұрын Visa шектеулерінің индексі (2018 ж.ж. атауы өзгертілген) деп аталатын Henley & Partners төлқұжат индексі өз азаматтарын қамтамасыз ететін еркін жүріп-тұру бойынша елдердің халықаралық рейтингісі. Индекс 2006 жылдан бері Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) бірлесіп, әлемдегі ең ірі туристік ақпараттық базаны қолданады.

09 қазан 2018 ж. 1 175 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031