Медицина қызметкерлері дәрігерлік қателік үшін қылмыстық жауаптылықтан бас тартылғанын қалайды
Қазақстандық дәрігерлер мемлекеттен қорғауды сұрайды. Олар өз қызметін сақтандырып, дәрігерлік қателік үшін қылмыстық жауаптылықтан бас тартылғанын қалайды. Бұл ретте олар шетел тәжірибесіне сүйенуді ұсынды. Ендігі медицина қызметкерлері өз талаптарын үкіметке жолдамақ.
«Егер 100 пациентке ота жасалып, олардың 10-ында асқыну болса жағдай қалай болады? Мысалы, түрлі жағдай болып жатады: тігісі іріңдейді, жара пайда болады, тағы басқалары бар. Сонда сол 10 дәрігер түрмеге жабылуы тиіс пе? Бұл мүмкін емес. Дәрігерлерді осылай айыптау көбейіп келеді. Жөнді, жөнсізі бар. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіледі. Әрине, содан кейін дәрігерлерге деген сенім жоғалады», - дейді акушер-гинеколог Вячеслав Локшин. Дәрігерлер бүгінде өздерін айыптау жағдайы көбейіп келе жатқанын айтып шағымданады. Көбі қылмыстық тергеудің фигуранты болып жататыны да жасырын емес. Мұнан кейін олар ұзақ уақыт бойы өзінің кәсіби қызметімен айналыса алмады. Десе де медицина қызметкерлері дәрігерлік қателік үшін қылмыстық жауаптылықты алып тастаса, бұл пробеламын шешуге болатынын сенімді. Олар мұны әкімшілік айыппұлмен алмастыруды ұсынып отыр. Сонымен қатар АҚШ тәжірибесін негізге алып, мемлекетте дәрігерлерді сақтандыруды енгізуді сұрайды. Қайғылы жағдай орын алып, сот болған жағдайда, пациентке келген залалды сақтандыру агенттіктері төлейтін болады.