Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Қазалы аудандық сотында ҚК-нің 130-бабының 1-бөлігімен беделін түсіретін, ар-намысына тиетін жалған мәліметтер таратумен айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Ж. жеке айыптау тәртібімен жекеше айыпталушылар Б.Ж.Б.Ж.-ны ҚР ҚК-нің 130-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық әрекеттерді жасағаны, яғни басқа адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін оны қылмыстық жауапқа тарту туралы сотқа арыз берген.
Сот мәжілісінде тараптарға татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу мүмкiндiгi түсiндiрілгеннен кейін жәбірленуші сотталушылармен медиация тәртібімен татуласуына байланысты, істі қысқартуды сұраған.
Соттың қаулысымен жекеше айыпталушыларға қатысты қылмыстық іс, тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
30 қаңтар 2018 ж. 1 402 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930