Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрлық туралы іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Ұрлық туралы іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Қазалы аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК–нің 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша М. және А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотпен анықталғаны, сотталушылар М. мен А. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жәбірленуші Ғ.-ға тиесілі «Камаз» автокөлігінің 2 дана радиаторларын жасырын түрде жымқырған. Нәтижесінде сотталушылар М. мен А.-ның қылмыстық іс-әрекеттерімен жәбірленуші Ғ.-ға 150 000 теңге материалдық шығын келтірген.
Сотта тараптарға медиация тәртібімен татуласу мүмкiндiгi түсiндiрілген соң, тараптар медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімін жасап сотқа ұсынды.
Соттың қаулысымен М. және А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен айыптау туралы қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде, яғни жәбірленушінің сотталушылармен татуласуына және сотталушылардың келтірілген зиянды өтеуіне байланысты, сотталушыларды қылмыстық жауаптылықтан босатумен тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
27 маусым 2018 ж. 1 122 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930